Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


Сынау және бақылауды автоматтандырудың техникалық



Pdf көрінісі
бет145/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

 
7.4. Сынау және бақылауды автоматтандырудың техникалық 
және экономикалық тиімділігі
Есептеу  техникалары  және  санды  бағдарламамен  басқарылатын 
станоктарды  пайдаланып  өндірісті  автоматтандырудың  тәжірибесі 
көрсетіп отырғандай, бұл үдерістің пайдалы да, зиянды да қырлары бо-
латыны сезіліп отыр.
Пайдалы қыры өндірісті жаңа техника және технологиямен жаңар-
тып,  оның  тиімділігін  арттыру  және  жұмысшылар  санын  қысқарту 


231
болса,  ал  зиянды  қыры  әлеуметтік  тұрғыда,  жұмыс  орындарының 
қысқаруы, елді жұмыспен қамту үдерісінің ушықтануы.
Өндірістегі  жұмыстардың  түрі  мен  сипатының  өзгеруі, 
автоматтандырылған  үміткерлердегі  қызметкерлердің  біліктігіне 
қойылатын  талаптардың  күрделенуі,  өндірістің  құрылымдық 
басқарылуының жоғары сатыға көтерілуі, кәсіби біліктіліксіз жарамсыз 
жұмысшылардың орын алуы.
Автоматтандырудың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері 7.1-
тарауда келтірілген.
Осы  орайда,  ұсақ-сериялы  өндірістерді  автоматтандыру  оның  өте 
икемділігімен тиімді келеді.
Мұнда  қосалқы  өндірісінің  еңбексыйымдылығы  күрт  қысқарады. 
Жұмысшылардың  кәсіби  біліктіліктеріне  қойылатын  қатаң  талап 
жұмсалады.
Жұмысшылардың  кәсіби  біліктілігінің  өзгеруі  жаңа  кәсіби 
мамандықтардың  тууына  әкеледі.  Автоматтандырылған  өндірісте 
жиі  қолданылатын  электрондық-есептеу  техникаларын,  санды 
бағдарламамен басқарылатын құрал-жабдықтарды күтуге қажетті жаңа 
кәсіби  қызметкерлер-механиктер,  операторлар,  электронды-өлшеуіш 
приборларды күтетін баптаушылар керек болады.
Автоматтандырудың  тікелей  салдары  –  жұмысшылардың  бірнеше 
мамандықтарды  игеруінде,  әрбір  мамандық  шеберінде  жалпы-
техникалық білімдерді жете үйрену талабы туады.
Мысалы,  автоматтандырылған  сынау  жүйелерін  күтуші  слесарь, 
сол жүйелердің операторы да болуы қажет.
Тағы  бір  мысал,  автоматты  механикалық  өңдеу  жүйелердегі  да-
йындамаларды орнатып, өлшеп, түсіріп қана тұратын жұмысшы. Сол 
жүйедегі  дайындамаларды  автоматты  үйлестіріп  тұратын  диспетчер 
рөлін де атқара беруі, авариялық ситуацияларды болған жағдайда рет-
тей білуі қажет.
Автоматты жүріп тұрған өндірісте, дайындамаларды ылғи орнатып, 
түсіріп тұруға жұмысшы таңдау өте қиын мәселе.
Бұл әрекеттің тоқтаусыз, үзіліссіз жүріп тұруы адам жүйкесін жа-
ман шаршатып жібереді.
Қазіргі жағдайда өндірісті автоматтандыру, үдерістерді кешенді ме-
ханикаландыру  барысында  инженерлік,  техникалық  қызметкерлердің 
рөлі  артып  тұр.  Бұлар  арнайы  кәсіби-техникалық  даярлықты  игеріп, 
автоматтандырудың математикалық аппараттарын, бағдарламалар құру 
үдерістерін жетік білулері қажет.
Бұл  қалыптасқан  тенденция,  сапа  басқарудағы  өнім  өндіру 
мәдениетін  көтеруге  жол  ашады,  ондағы  істеп  жүрген  мамандардың 
қызығушықтары артып, мамандардың тұрақтандырылуы қалыптасады.


232
Автоматтандырылған  жүйелерде  қызмет  атқаратын  мамандардың 
жалақылары өндіріс өнімділігіне сай ауқымды болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет