Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет69/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   167
5.2.4. үдерістің тұрақтылығын бақылау
Нақты өндіріс жағдайында технологиялық үдерістің параметрлері 
мен  жасалатын  өнімнің  сипаттамаларының  нақты  мағыналары 
кездейсоқ қателіктердің есебінен бей-берекет өзгеріп қана қоймай, көп 
жағдайда уақыт өте талап етілетін мағыналардан бірте-бірте және бір 
сарында ауытқиды, яғни жүйелі қателік пайда болады. Осы қателіктер 
олардың  себептерін  анықтап  жою  арқылы  жойылуы  тиіс.  Проблема 
нақты  жағдайда  жүйелі  қателіктерді  кездейсоқ  қателіктерден  айыру 
қиын  болуымен  байланысты.  Кездейсоқ  қателіктер  бар  жағдайда  ар-
найы статистикалық талдаусыз шамалы жүйелі қателіктер ұзақ уақыт 
байқалмай қалуы мүмкін.
Талдау  жүйелі  қателіктер  болған  жағдайда  параметрлердің  нақты 
мағыналарының  кездейсоқ  өзгеруіне  негізделеді.  Алайда  олардың 
орташа  мағыналары  мен  негізгі  қателіктері  уақытқа  сай  өзгермейді. 
Бұл  жағдайда  технологиялық  үдеріс  тұрақты  деп  аталады.  Осы 
топтағы  барлық  бұйым  бірдей  деп  шартты  түрде  саналады.  Тұрақты 
үдерісте кездейсоқ қателіктер m = Хо орталығы бар қалыпты үлестіру 
заңына бағынады. Әр түрлі топтарда алынған параметрлердің орташа 
мағыналары шамамен Хо-ға тең болуы тиіс. Демек, олардың барлығы 
өзара шамамен тең, демек ағымдағы орташа мағынаның мөлшері Хсрт 
± tS сенімділік аралығында ауытқиды, яғни:
                         (Хсрт – tS) 

 Хсрт 

 (Хсрт + tS)                           (5.8)
Тұрақтылықты  талдайтын  материал  ретінде  дәлдікті  бақылау 
үшін  пайдаланатын  деректерді  қолдануға  болады.  Алайда  олар 
жеткілікті уақыт аралығын қамтитын үздіксіз қадағалауды немесе олар 
іріктемеден  құралса,  белгілі  бір  уақыт  аралығынан  кейін  іріктелген 
жағдайда ғана жарамды болып табылады. Бұл жағдайда сынау деп ата-
латын іріктемелердің арасындағы аралықтар жабдықтың бұзылуының 
байқалатын жиілігіне сәйкес белгіленеді.
Маңыздың  қажет  деңгейінде  әр  түрлі  ағымдағы  топтардағы 
Хсрт  орташа  мағынасы  алғашқы  өлшеу  алынған  базалық  Хср-дан  tS 
мөлшерден аспай ерекшеленуі мүмкін, яғни
                                      /Хср – Хсрт/ 

 tS.                                       (5.9)
Осы талап орындалған жағдайда үдерісті тұрақты және екі бұйым 
тобы бірдей жағдайда шығарылған деп санауға болады. Егер екі топтағы 


125
орташа  мағыналардың  айырмашылығы  tS  мөлшерден  асса,  онда  осы 
айырмашылықты тек кездейсоқ себептер туындатты деп санауға бол-
майды. Үдерісте топтағы бұйымдардың параметрлерінің мағыналарын 
белгілі  бір  тұрақты  заңдылық  бойынша  өзгертетін  өктемдік  ететін 
тұрақты фактор пайда болады. Үдеріс тұрақсызға айналды және әр түрлі 
уақытта шығарылған бұйымдар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді, 
ал осы айырмашылық уақыт өткен сайын артатын болады. 
Сөйтіп,  әр  түрлі  топтардағы  орташа  мағыналардың  tS-тан  көп 
айырмашылығы  жүйелі  қателіктердің  барын  және  шара  қолдану 
және  осы  қателіктерді  туындататын  себептерді  жою  қажет  екенін 
көрсетеді. Осы принципті В. Шухарт бақылау карталарын жасаған кез-
де қолданды. 
Тұрақтылықты  талдаудың  статистикалық  әдістері.  Жоғарыда 
қарастырылған қарама-қайшы жағдайларда да қолдануға болады. Егер 
бұйымның  конструкциясына  немесе  оны  жасаудың  технологиялық 
үдерісіне қайсы бір өзгеріс енгізілсе, онда мұның күтілетін нәтижеге 
қалай себеп болатынын анықтау керек.
Жалқы сынауда жаңа бұйымның параметрлері қажет мағыналарды 
қабылдауы  мүмкін,  алайда  оң  нәтиже  кездейсоқ  болуы  мүмкін,  сол 
себептен  енгізілген  өзгерістің  пайда  болғаны  жөніндегі  айту  әлі 
ерте.  Екінші  жағынан,  жаңа  мағыналардың  бұрынғы  мағыналардан 
айырмашылығының  жоқ  екені  аңғарылса,  онда  тағы  да  мұның  екі 
топтағы кездейсоқ үйлесудің нәтижесі емес пе екенін анықтау керек.
Демек,  сынақ  жүргізіп,  бірнеше  сынама  жасап,  деректерді 
статистикалық өңдеу керек. Егер: /Хорт. ескі – Хорт.жаңа/ > tS , (5.10) 
онда  жетілдірудің  нәтижесін  маңызды  деп  санауға  болады.  Кері 
жағдайда  конструкцияға  немесе  технологияға  енгізілетін  өзгерістер 
қажет нәтижеге жеткізбейді деп санауға болады. 
Мысал.  Шеберге  бөлшек  жасау  операциясындағы  жұмыс  пен 
нәтижелердің  тұрақтылығын,  нақты  айтқанда  тілігінің  қалыңдығы 
75  мм  бақылау  технологиялық  көлемді  жасаудың  тұрақтылығын 
анықтау қажет. Бұл үшін алдымен 18 дана тұратын бөлшектің бірінші 
базалық іріктемесі алынып, бақылау көлемі алынды, 2 және 4 күннен 
соң 18 бөлшектен тұратын екінші және үшінші іріктеме алынып, олар 
өлшенді.
1. Барлық алынған деректерді 9.4-кестеге жинақтаймыз.
2. Орташа арифметикалық өлшем: Хср1 = 1350,59/18 = 75,03278 мм, 
Хср2 = 1350,21/18 = 75,01167 мм, Хср3 = 1350,37/18 = 75,02056 мм. 
3. Бірінші іріктеменің S мағынасын анықтймыз.
                           S = 
0 037961
18 17
,

 =0,011138 мм                              (5.10)


126
4.  9.1-кесте  бойынша  n  =  18  үшін  t  коэффициентінің  мағынасын 
анықтаймыз:
t = 2,11 (P=0.95).
5. Мына мағынаны анықтаймыз: tS=0,023501 мм 
6. Мына мағынаны анықтаймыз: /Хср1-Хср2/ = /75,03278-75,01167/ 
= 0,021111 мм.
7. Мына мағынаны анықтаймыз: /Хср1-Хср3/ = /75,03278-75,02056/ 
= 0,012222 мм.
8. Талап /Хср1-Хср2/ < tS және /Хср1-Хср3/ < tS орындалады, демек 
технологиялық үдеріс 95% ықтималдықпен тұрақты болып табылады. 
5.12-кесте

1-өлшеу (Хi-Хср)
2-өлшеу  3-өлшеу
1
75,08
0,04722
0,00223
75
75
2
75,02
-0,01278
0,000163 75,02
75,08
3
75,03
-0,00278
7,73Е-06 75
75,01
4
75,09
0,05722
0,003274 75,06
75,02
5
75,02
-0,01278
0,000163 74,98
75,09
6
74,98
-0,5278
0,002786 74,99
75
7
74,99
-0,4278
0,00183
75,02
75
8
75
-0,3278
0,001075 74,99
75
9
75
-0,3278
0,001075 75,02
75,02
10
75,06
0,02722
0,000741 75
74,99
11
75,08
0,04722
0,00223
75,02
75,06
12
75,1
0,06722
0,004519 75,05
75
13
75,08
0,04722
0,00223
74,98
75,02
14
74,95
-0,08278
0,006853 75,05
75,05
15
74,96
-0,7278
0,005297 74,99
75,01
16
75,08
0,04722
0,00223
75
75,02
17
75,06
0,02722
0,000741 75,02
75
18
75,01
-0,02278
0,000519 75,02
75
Сомасы 
1350,59 -4Е-05
0,037961 1350,21
1350,37
Орташа арифмети-
калық өлшем
75,0327
75,01167 75,02056


127


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет