.
Сапа бойынша маман;
.
Сапа жүйесі бойынша менеджер;
.
Сапа бойынша аудитор (эксперт).
Сапа бойынша мамандарды дайындау стратегиясында бірінші
орынға жұмыс тиімділігін көтеру бойынша сертификат алуының
формалды үдерістеріне қойылады. Сапаны басқарудың нормативті
принциптері анықталған, бірақ оның орындалуы бойынша механизмі
толық формаланбаған, себебі қол жетілген тәжірибе талданбаған
және толық емес. Формальды принциптер толық шешімдермен әлсіз
жинақталған (техникалық, экономикалық, басқармалы). Бұндай страте-
гия прогрессивті технологиялардың енгізілуіне мүмкіндік туғызбады, ал
технологиялардың өзі жаңа өнімнің шығуына толық дайын болмаған.
Бұл оқу кешені, басты мақсат үдерістің өзі емес, сапа және менед-
жмент сапасы, нарықтық сипаттама түріндегі мәселелерді шешу болған
кездегі сапа бойынша мамандарды дайындау стратегиясының заманауи
кезеңдеріне бағытталған.
Бүкіл әлем бойынша сапа мәселелеріне қызығушылық артып
отырғанына қарамастан, бұл сала бойынша іс-әрекеттердің методоло-
гиясы толық құрылмаған.
Қазіргі таңда бұл мәселелердің толыққанды белсендігі бастапқы
физикалық-математикалық білімді қоспағанда, негізгі ғылым мен
техника саласындағы барлық методологиялық дайындықтарды қоса
7
кең энциклопедиялық білімсіз мүмкін емес. Бұл негізінен, әртүрлі
үдерістерді жобалау әдістерінің жалпы теориялық жағдайларын және
өнімдерді, экономикалық бағытталған және технологиялық қолжетімді
әдістердің орындалуын талап етеді.
Қазіргі кезде өнімнің біріккен жобасының және сапа үдерістерін
басқарудың толық жинағы жоқ және жоғары оқу орындарында да оқу
жоспарларының пәндерінде де сәйкес келмейді. Негізгі методологиялық
дайындығы жоқ маман салааралық мәселелерді былай қойғанда, тіпті
жеке саладағы мәселелердің толық мәнді бағытын да бере алмайды.
Авторлар, заманауи жүйелік үдерістерді бағыттайтын методо-
логиялық сұрақтарды қамтамасыз ететін оқу кешенінің басылымы сапа
бойынша маманның квалификациясын көтереді және дайындық жоспа-
рында пайдалы болады деп үміттенеді.
Кітап дидактикалық бағытымен ерекшеленеді және үдерістер мен
өнімнің жобалау мәселері бойынша жүйелі көрініс береді, жүйелі жоба-
лы өзін-өзі басқаруға бағытталған; жаңа ойлар туғызады – практиканың
қиындығын емес, тез өзгеретін практикалық іс-әрекет құрылатын
ғылыми негіздер мен принциптерді оқытады. Оқу кешенінде айты-
лып отырған мәселе бойынша авторлардың шынайы жұмыстары
пайдаланылған.
Оқу кешенінің материалдарын жақсы қабылдауы үшін, сапаны
басқару мәселерін шешу бағытында өз білімдерін белсенді және тиімді
пайдалану үшін студенттің жалпы технологиялық пәндер бойынша
жақсы дайындығы болуы керек.
Материалдарды тиімді орналастыру методикасын авторлар осы пән
бойынша ұзақ жылдар бойы отандық дәріс беру тәжірбиесіне сүйене
отырып жасаған.
Авторлар осы пән бойынша оқулыққа қатысты ескертулер мен
қателіктерді қабылдауға дайын.
8
КІРІСПЕ
Кез келген кәсіптің табысы тікелей оның сапасына тәуелді. Сапа-
ны басқара отырып, біз қорлар және жобаларды, қызметтерді және
маркетингті басқарамыз.
Сапа мәселесі барлық халық шаруашылығының өзекті қажеттілік-
тері үшін оңтайлы.
Енді оған тығыз өзара байланыспен қоса жаңа экономикалық
көзқараспен қарау қажеттілігі туындады. Қазіргі таңда, өнім
шығарушылар өздерінің нарықтық ортаға бейімделулері мен орын
алуына – ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге төзімді, сапалы өнім
шығару керек екендігін түсінген кез туды. Сапа мәселелеріне назар
аудармаған кез келген кәсіпорындардың істері алға баспайды, тіптен
мемлекет тарапынан бөлінген жәрдем қаражаты да дәрменсіз келеді.
Нарықтық экономиканың шарттарының бәсекелестігі сапа мәсе-
лелеріне үлкен назар аударуға мүмкіндік беруде. Бәсекелестіктің
орындалу әдісі бойынша, оны бағалы (бағаның түсуі, түсіру жолымен
бәсекелестікті анықтау) және бағасыз деп бөледі. Осы бойынша сол
бағаға сапа параметрлері жоғары және кешенді шарттары бар басқа
тауар ұсынылады, ал оны маркетинг тілімен айтқанда «ұсынылмалы
тауар» – деп атайды.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі бәсекелестік, сапа-
ны көтеру бағдарламаларын жасаумен ерекшеленеді. Кәсіпорынның
өнімді қажетті сапалық сипаттамалармен шығару қабілетін бағалау
үшін объективті көрсеткіштерді дайындау қажеттілігі туындады.
Көптеген кәсіпорын-өндірушілер халықаралық стандарттарға сәйкес
сапа жүйесіне ие.
Қазіргі таңда өнімнің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін
растайтын сертификат – өнімді жеткізуге келісім жасау үшін шешуші
фактор. Сапалы өнімге сәтті түрде ие болу, кез келген кәсіпорынның
өмір сүруінің басты көзі болып табылады.
Сапаны басқару жүйесіндегі өндіруші түсінігіндегі сапа мен
тұтынушы түсінігіндегі сапа өзара бір-бірімен байланыста бола-
ды. Олардың негізгі айырмашылығы командалық – әкімшілік және
нарықтық экономика жағдайларымен анықталады.
Сапа экономикасының командалық әкімшілік шарттары өндіруші-
нің позициясымен анықталса, нарықтық экономикада тұтынушының
позициясымен қарастырылады. Бұйымның сапасы тұтыну үдерісінде
көрінуі мүмкін. Тұтынушының шарттарымен сәйкес өнімнің сапа
түсінігі дәл нарықтық экономика шарттарында көрінеді.
Нарықтық экономикада өндіруші мен тұтынушы нарықта бір-бірін
өздері табады, олардың қызметінің бағытталуы қаржылық ұтыс пен
9
тұтынушылық тиімділікті арттыруға негізделген. Соған байланысты
тұтынушы әртүрлі өндірушілердің жақсы тауарлары арасында таңдау
құқығына ие. Басты тұлға болып табылатын тұтынушы өз қалауына
сәйкес тауарлар мен қызметтерге ие бола отырып, өндіріс бағытының
дамуын анықтайды.
Сапа мәселесін көтере отырып, айта кететін жайт, бұл түсініктің ар-
тында барлық жағдайда тұтынушы тұратынын ескерген жөн. Дәл осы
адам тұтынушылық құқықтардың жақсысын таңдайды.
Өндірістік өнімнің қолданылу тиімділігі мен сапасы арасында
тікелей байланыс бар. Жоғарғы сапа өнімнің қолданылу тиімділігі
өмірлік шығындар мен нарық үлесін көтере отырып, сапаның көтері-
луіне сәйкес келеді.
Сапаны басқару тәжірибесі мен теориясында екі мәселе қарас-
тырылады: өнім сапасы мен сапа менеджменті.
Сапаны қамтамасыз ету ауқымды шығындарды талап етеді.
Алғашында сапа шығынының негізгі үлесі физикалық еңбекке тиеді.
Бірақ қазіргі кезде зияткерлік еңбектің үлесі жоғары.
Сапа мәселесі ғалымдардың, инженерлердің және менеджерлердің
қатысуынсыз шешілмейді. Сапаға кәсіпті әсерлердің барлық құрау-
шыларының үйлестірілген сәйкестігі болу керек.
Машина жасаудағы сапа басқару (жобалау, сараптама, бақылау) мен
басқарма сапасына тәуелді кәсіпорынның қызмет атқаруын қамтамасыз
етумен тікелей байланысты.
Сапаға басшылықтың жауапкершілік деңгейін ИСО 9000
халықаралық стандарттары анықтайды. Кәсіпорын басшылығы сапа
саласындағы саясатты дайындауға, нақты анықталып, құжаттармен
рәсімделетін сапаны басқару жүйесін енгізу және қызмет атқаруына
жауапты. Электрондық есептеу машиналарын (ЭЕМ) бағдарламалық
қамтамасыз ету, бақылау өлшегіш, өндірістік және сынау құрылғылары
үшін қажетті ресурстарды бөлу және қажетті мамандарды таңдау
басқарманың басты міндетіне кіреді. Басшылар құзыреттіліктің талап
етілген деңгейін орнатуға, қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде
арттыруды бақылау керек. Басшылық тұтынушылар ұсынған жаңа
қызметтердің немесе өндірістегі жаңа тауарлардың қамтамасыз етудің
анықталған шешімдеріне жауап береді. Жаңа тауарларды шығару және
қосымша қызметтерді ұсыну сапаның жаңа бағдарламаларын дайын-
даумен байланысты, оған да кәсіпорын басшылығы жауапты.
Жобалаудың сапасына (стратегияларды және жоба жүйелерін да-
йындау және т.б.) кәсіпорын жұмысының сапасы мен алға қойылған
мақсаттарға қол жеткізуге тәуелді. Жоғары буынның басшылығы
кәсіпорынның өткенімен салыстырғанда көпке қабілетті деген саяса-
тын негізге алу керек. Ұйымдық құрылымда кәсіпорындар деп сапа-
10
ны басқару бойынша жұмыстарды бағыттаумен айналыстатын ар-
найы бөлімшелер қарастырылуы мүмкін. Бөлімдер арасында сапаны
басқарудың арнайы функцияларын реттеу кәсіпорын қызметінің
көлемі мен сипатына тәуелді. Бөлімдердің басшылары сапаға өмір
үлгісі ретінде қарағанда, сапаны жоғарылатуға шақырулар іске асы-
рылады.
Нарықтық экономикада қызмет атқаратын кәсіпорындар сапа
облысындағы саясатты тек ұсынылатын бұйымдар мен қызметтің
сапасына ғана емес, әрбір жұмысшының қызметіне жанасатын-
дай құрастырады. Саясатта нақты кәсіпорын үшін жұмыс сапа-
сы стандарттарының деңгейлері және сапаны қамтамасыздандыру
жүйесінің аспектілері дәл анықталады. Сонымен бірге қойылған
сапаның өнімі тұтынушыға берілген мерзімде, берілген көлемде және
қолжетімді бағада жеткізілуі қажет.
Осы уақытқа дейін сапамен арнайы бөлімдер айналысуы қажет
деп есептелді. Нарықтық экономикаға өту сапаға жетуге барлық
қызмет күштері бағытталуы қажет деп есептейтін әлемнің жетекші
компанияларының жоғары сапаға жетудегі тәжірибелерін үйрену
қажеттілігін талап етеді.
Сапаны арттыруда тұтынушылардың бағасы мен талаптары түзетуге
келмейтін, есептеулер мен қателіктер туралы ақпараттар негізгі рөл
атқарады. Сапа мәдениеті деп аталатын кешенді түсінік пайда болды,
яғни оған сервисті қызмет көрсету сапасы, есептік құжаттама сапасы,
өндірістік операцияларды орындау сапасы және т.б. жатады. Өнім са-
пасына тұтынушылардың талаптарының күшеюінің әсер етуі, сапа
бақылауына толық өтуде көрсетілген. Одан басқа, толық сапа менеджер
жұмысының бағалау белгілер санынан шығады. Кәсіпорын менеджері
сапа жоғарылауын мұқият қадағалап, оның үнемі жақсарып отыруын
көздейді. Елдер қатарындағы өткізілген тексерулер, кәсіпорындарда
аз көңіл бөлінетін сапа жағдайы, 60%-ға дейін уақытты текке түзеуге
кететіндігін көрсетті.
Қазіргі күнде сапа басқаруында, өнім сапасына жоғары
тиянақтылық пен тұрақтылығына кепілдік беретін сапа менеджментінің
сертификатталған жүйесі маңызды мәнге ие. Кәсіпорындарда сапа
жүйесіне сертификат беру, нарықта бәсекелестік артықшылығымен си-
патталады. Сапа жүйесіне сертификаттың берілуі сапа менеджментінде
айтулы дамуға жақындау болып табылады.
Нарық кеңістігіне өтуде маңызды құрал болып табылатын сапа
менеджменті тауарлардың бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз
етеді. Ол өнімнің техникалық деңгейін және тауарлардың тұтынушыға
арналған қызметтік, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық,
экологиялық қасиеттерін қамтамасыз етеді.
11
Бұл жағдайда бәсекелестікке қабілеттілік тауарлардың жинақталған
сапалы және мөлшерленген ерекшелігі, яғни тұтынушылардың талап-
тарын қанағаттандыратын, сол сияқты тауарларға қатысты табыс және
тұтыну шығындарымен анықталады. Өнімдердің жоғары бәсекелес-
тікке ие болатындары, бұл, әрине тұтынушылардың шығындарына
тікелей қатысты. Сөзсіз, сапаның жоғарылауы шығынға байланысты,
яғни олар алынған пайдаға байланысты орнын толтырады.
Сапаны жоғарылату мәні жеткілікті түрде әртүрлі болып келеді. Бұл
мәселенің шешімі салалық және сыртқы салалар арасындағы жаңа және
прогрессивтік қатынастарды құруды, мысалы, металлургиялық өндіріс
пен машинажасау арасындағы қатынасты құруға мүмкіндік береді.
Бұл қатынастар машинажасау өнімдері технологиялық өнеркәсіптерін
жетілдіру жолына және экономикасының жоғарылауын жетілдіруге
қатысты болуы мүмкін.
Сапа мәселесі және Казақстанның ұлттық қызығушылықтары
келесідей тәуелділіктерде болады:
Достарыңызбен бөлісу: |