170
сыйымдылықтар қарастырылмаған болса күрделі болады. Сонымен
қатар, жіктеудің иерархиялық әдісі нақты мәселелер үшін қажет бола-
тын белгілер үйлесімділігі бойынша объекттерді агрегаттауға мүмкіндік
бере алмайды, бұл тағы да оның қолайсыздығын көрсетеді.
Фасеттік тәсіл объекттер жиынтығы нақты мәселелерді шешу-
ге арналған белгілі бір таңбаларға ие болатын тәуелсіз жиынтықтарға
(жіктелу топтамалары) бөлінетіндігімен сипатталады. Фасеттік
жіктелуді құру тізбектілігі іс жүзінде иерархиялық жіктелуді құрғанмен
бірдей болады, яғни объекттер жиынтығы анықталады, оның негізгі
белгілері мен белгілер тобы бөлініп алынады да сипаттама белгілер мен
белгілер тобының (фасеттер) тәртібі орнатылады.
Фасеттік тәсілдің ерекшелігі қосымша жиынтық жалқыдан жалпыға
ұстанымы бойынша құрылатындығы болып табылады, яғни объекттің
нақты сипаттамаларының түрлі жиындары негізінде нақты жиынтықтар
құрылады.
Объекттер жиынтықтарының фасеттік тәсіл бойынша құрылуы
5.34-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: