6.7. Өнімнің өміршеңдік (ӨК) кезеңінің көмекші үдерістері Өнімнің өміршендік келесі көмекші үдерістері анықталған:
құжаттандыру, үйлесімділікті басқару, сапаны қамтамасыз ету, анықтау,
шынайыландыру, аттестаттау, бірлескен талдау, аудит, шешімдер
қабылдау.
Көмекші үдерістің міндеттері мен жұмысына аталған үдерісті орын-
даушы ұйым жауапкершілік алады. Ол нақты үдерістің функционалдық
ерекшеліктері мен бар болу шынайылығына кепілдеме береді.
Ұйым басқару үдерісіне сәйкес жобалау деңгейінде көмекші
үдерісті басқарады, бейімделу үдерісіне сай аталған үдеріске арналған
инфрақұрылымды анықтайды және ұйымдық деңгейде оқыту мен
жүзеге асыру үдерістеріне сәйкес көмекші үдерісті басқарады.
Сапаны қамтамасыз ету әдістері ретінде бірлескен талдаулар,
аудиторлық тексерулер, анықтау, шынайыландыру және аттестаттау
пайдаланылуы мүмкін.