217
Өнімге немесе үдеріске өзгеріс енгізу ұйымға пайдалы және
қызығушылық танытқан талаптардың күтулері мен талаптарын
қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін ұйымға өзгерістерді
эффектілі және нәтижелі басқару үдерісін ендіру қажет. Өзгерістерді
анықтау, тіркеу, бағалау, талдау және оның басқа үдерістерге әсер ету
деңгейін түсіну үшін басқаруға беру, сондай-ақ тұтынушылар мен
басқа да қызығушылық танытушы тараптардың күтулері мен талапта-
рын анықтау керек.
Үдерістегі өнім сипаттамасына әсер ететін кез келген өзгерістерді
тіркеу керек және өнім сәйкестігін бекітіп, түзеткен жұмыстары бой-
ынша немесе ұйым жұмысын жақсарту бойынша ақпарат келтіру үшін
қызметкерді барлық істерден хабардар етіп отыру керек. Басқаруды
қамтамасыз ету мақсатында өзгерістерді белгілеп алу үшін лауазымдар-
ды анықтап алған жөн. Үдерістің шығысы өнім болған жағдайда, дұрыс
әрекетке көз жеткізе алу үшін кез келген сәйкес өзгерістен кейін өнімді
бекітіп отырады.
Үдерістердің кемшіліктері мен бас тартуларын бекітуді ескерту
мақсатында модельдеу әдістерін қолдану қарастырылу мүмкін.
Қауіптердің пайда болу мүмкіндігі мен ықтимал бас тартулардың
нәтижесі немесе үдерістердің кемшіліктерін бағалау қажет. Нәтижелерді
идентификацияланған қауіптерді азайту мақсатында ескертуші
әрекеттерді анықтау мен жүзеге асыру үшін пайдаланған дұрыс.
Қауіптерді бағалау құралдарының мысалдары:
– бас тарту салдары мен сипатын талдау;
– бас тарту бұтағын талдау;
– тәуелділік диаграммалары;
– модельдеу әдістері;
– бас тартпауды болжау.
Достарыңызбен бөлісу: