Эргономикалық көрсеткіштер – адамның қолдануына байланы-
сты өнім сапасының икемге жарамдылығын сипаттайтын көрсеткіш.
Антропометрикалық көрсеткіштер – өнімді адам ағзасының фор-
масы мен өлшеміне байланысты сипаттайды. Мұндай көрсеткіштердің
мысалдары – жүргізушінің автокөлік кабинасында отыру биіктігі,
орындықтың қисықтық бұрышы және т.б.
Физиологиялық көрсеткіштер – өнімді адамның күш
мүмкіншіліктеріне байланысты сипаттайтын көрсеткіш. Яғни, оның
ағза мүшелерінің сезімталдылығы, мысалы: көру, есту.