Гигиеналық көрсеткіштер – өнімнің гигиеналық құрамын сипат-
тайды. Мысалы: шум деңгейі, діріл, температура-ылғалдық, шаңдылық
және т.б.
Эстетикалық көрсеткіш – эстетикалық құрамды көрсететін
көрсеткіштер. Мысалы: пішімнің тиімділігі, компазиция тұтастығы.
Тұрмыстық бұйымдарда бұл модаға сәйкес тауар белгісі. Эстетикалық
көрсеткіш баллмен бағаланады және арнайы сарапшы комиссиялары-
мен бақыланады.
Экологиялық көрсеткіштер – өнімді тұтынғанда немесе
эксплуатацияланғанда табиғатқа зиянды заттардың таралу деңгейімен
сипатталады. Бұл таралулар атмосфераға, суға және жерге зиянды зат-
тарды тастаудан пайда болады.