Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет10/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Сүрелердің атаулары
Сүрелер өз атауларын  қиссасы баяндалған кісілердің есім дері     -
нен (Нұх, Һуд, Ибраһим, Юсып, Əли Имран, Мұхаммед сияқты); не-
месе қауымдардың  (Жын, Періштелер, Мунафиқун, Мұтаффифин); 
немесе  тақырыптардың  бірінен;  немесе  алғашқы  сөздерінен  (Қад 
сəмиа,  Ə.Л.М.  Танзил,  Субхан,  Лəм  якун);  немесе  бастарындағы 


26
хұруф мұқаттағадан (Таһа, Ясин, Қаф, Сад секілді) алған. Берілген 
атаулар  тəуқифи  (тəңір  бұйрығымен)  болмағандығынан,  кейде 
бір  сүренің  бірден  Ихсан-Даһр,  Фатыр-Мəлəйкə,  Исра-Бəни  Исра-
ил    сияқтыкөп  атауы  болады.  Фатиха  сүресінің  Əсас,  Салəт,  Дұға, 
Үммул-Құран,  Шифа  секілді  жиырма  шақты  атауы  бар.  Ислам 
ғұламалары арасында Зəрқаши сияқты бұлардың  тəуқифи екендігін 
қабылдауға  пейілді  ғалымдар да  табылады. 
Кейде  екі  немесе  одан  да  көп  сүре  тобына  берілген  атаулар  да 
бар: Зəһрауан (екі жарқыраған сүре, яғни Бақара мен Əли-Имран), 
Мұғаууизəтан (Фалақ пен Нас), Муғаууизат (Ықылас, Фалақ, Нас), 
Мусəббихат (Хадид, Хашр, Саф, Жұма, Тағабұн, Ағлə), Хауамим не-
месе Зəуатул-хамим (40-46 сүрелер – Мүмін, Фуссилəт, Шура, Зух-
руф,  Дұхан,  Жасия,  Ахқаф  сүрелері).  Зəуатур-Ра  болса,  Əлиф  лам  
Ра-мен    басталған  Юныс,  Худ,  Юсып,  Рағд,  Ибрахим  жəне  хижр 
сурелері.  Тəуасин  дегендер,«Та-син»  деп  басталған  Шұғара  жəне 
Нəміл  сүресін  қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет