25
Меккеде түскен сүрелердің ерекшеліктері:
1) Сəжде аятын қамтыған барлық сүрелер.
2) «
ϼϛ
» сөзін қамтыған сүрелер.
3) (Ей, адамзат!) деп басталатын бүкіл сүрелер (хаж сүресінің
77- аятынан тыс).
4) (Бақара сүресінен тыс) пайғамбарлардың жəне өткен үмбет-
тердің қиссаларын қамтыған сүрелер.
5) Адам мен Ібіліс қиссасын қамтыған сүрелер (Бақара сүресінен
тыс).
6) Хұруф əл-мұқаттағамен басталған (Бақара мен Əли Имран
сүрелерінен басқа) жиырма жеті сүре.
Осы нақты ерекшеліктерден басқа, меккелік сүрелердің едəуір
бөлігі мына сипаттарды да қамтиды:
1) Аят пен сүрелер көбіне қысқа, баяны жинақы, сөйлемдер
қызулы жəне екпінді.
2) Аллаға жəне Ақыретке иманға (сенуге) шақырады. Жəннат
пен жəһаннам бейнелері көптеу.
3) Жақсы мінез құлыққа жəне тура жолға үндейді.
4) Мүшріктермен шайқасты жəне ширкті (серік қосуды) сы-
найды.
5) Арабшадағы тəсілді бақылап, анттарға көп орын береді.
Мəдинада түскен сүрелердің ерекшеліктері:
1) Шариғат пен құлшылық үкімдерін қамтыған сүрелер.
2) Шариғаттық жазаларды, мирас үлестерін, қоғамдық жəне
мəдени заңдарды, мемлекеттер мен халықаралық құқыққа кіретін
кейбір үкімдерді қамтыған сүрелер.
3) Мұнафықтар туралы баяндаған барлық бөлімдер (Ғанкəбут
сүресі меккелік болғанымен, мұнафықтарды бейнелеген 11 аяты
мəдиналық).
4) Əһли кітаппен талас-тартыс жəне оларды адасушылықтан
қайтуға шақырған сүрелер (Бақара, Əли Имран, Ниса, Мəйдə,
Тəубе, Бəйинə).
Достарыңызбен бөлісу: