123
Аталарымыздың табынғанынан бізді тыясың ба? Расында, сенің
бізді шақырған нəрсеңе күдік ішінде əрі күмəндіміз», – деді.
(Һуд сүресі, 62)
Елінің дандайсыған тобы араларындағы иман келтіргендерді қор
көріп: «Салихтың Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер
ме?» – деді. Олар: «Күдіксіз, біз ол арқылы жіберілген нəрселерге
сенеміз», – деді. Дандайсығандар: «Күдіксіз, біз сендер сенген
нəрселерге қарсымыз», – деді.
(Ағраф сүресі, 75-76)
Сəмуд елі ескертушіні жасынға айналдырды: «Өзімізден бір
адамға ерейік бе? Əрине, ол уақытта біз адасуда əрі есі алаң бо-
ламыз», – деді. «Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол мүлде
өтірікші, өзімшіл» деді. Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт
екенін біледі.
(Қамар сүресі, 23-26)
Достарыңызбен бөлісу: