Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет117/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   359
Ад қауымының қасарысуы   
Елінің қарсы болған тобы: «Əрине, біз сені есуас көреміз. Жəне 
сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз», – деді. «Ей, елім! Мен бір 
ақымақ емеспін. Бірақ, əлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін», – 


121
 
деді. «Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырамын. Əрі сен-
дерге  сенімді  бір  үгітшімін», «Раббыларың  тарапынан  өздеріңнен 
сендерге  ескерту  үшін  бір  кісіге  насихат  келуіне  таңырқайсыңдар 
ма?  Ойлаңдар!  Сол  уақытта  Алла  сендерді  Нұх  қауымынан  кейін 
орынбасар қылып əрі тұлға жаратылысында да артық қылды. Енде-
ше, Алланың  нығметтерін  еске  алыңдар, əрине, құтыласыңдар».
 (Ағраф сүресі, 66-69)
«Ей,  халқым!  Раббыларыңнан   жарылқау  тілеңдер. Сонан   соң
Оған  тəубе  қылыңдар.  Сендерге  көктен  жаңбыр  жауды-
рып,  қуаттарыңның  үстіне  қуат  қоссын.  Сондай-ақ  күнəкар  бо-
лып,  жалтармаңдар»  деді.  Олар: «Ей,  Һұд!  Сен  бізге  ашық  дəлел 
келтірмедің.  Біздер  сенің  сөзің  бойынша  тəңірлерімізді  тастамай-
мыз да, саған сенбейміз»,– деді. Олар: «Саған кейбір тəңірлеріміздің 
киесі тиген екен» деп қана айтамыз. Һұд (ғ.с.): «Расында, мен Ал-
ланы  айғақ  қыламын,  сендер  де  айғақ  болыңдар.  Мен  сендердің 
Аллаға  қосқан  серіктеріңнен  аулақпын», – деді. «Маған  Алладан 
басқа,  бəрің  мекерлік  (қулықтарыңды)  қылыңдар  да,  сонан  кейін 
мұрса  бермеңдер». «Расында,  мен  менің  Раббым  əрі  сендердің 
Раббыларың  Аллаға  тəуекел  еттім.  Ол  маңдайынан  ұстамаған 
(толық меңгермеген) ешбір жандық жоқ. Күдіксіз, Раббым тура жол-
да». «Егер жалтарсаңдар да, мен шынында өзім арқылы жіберілген 
нұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым орындарыңа басқа елді 
əкелсе,  сендер  оған  ешбір  зиян  келтіре  алмайсыңдар.  Шынында, 
Раббым əр нəрсені қорғаушы» (деді). 
(Һуд сүресі, 52-57)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет