Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет15/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   359
Құранның VII-ғасырда 
жазылған қолжазбасы


29
 
əртүрлі қолдарда жүрген нұсқаларды жойып, Құранның заңды  бір 
нұсқасын қалдырды.
Үшінші  халифа  Хз.  Осман  Құран  мұсхафын  бірнеше  данаға 
көбейтіп, деректер бойынша ең аз дегенде алты, жеті немесе сегіз 
нұсқа  жасатып,  бірін  өзіне  қалдырды.  Олардың  бір  нұсқасы  Мек-
кеге,  бір  нұсқасы  Шамға,  біреуі  Куфаға  жəне  Басраға  жіберіледі. 
Бір  нұсқа  Мəдинада  қалып,  енді  біреуі  халифаның  өзіне  қалады. 
Риуаяттар  бойынша  Осман  халифа  оны  оқуды  қатты  ұнататын 
жəне  көтерілісшілердің  қолынан  үйінде  қаза  тапқан  кезінде  дəл 
сол  мұсхафты  оқып  отырғандығы  айтылады.  Құранның  көне 
қолжазбалары,  тіпті  кей  деректемелер  бойынша  Хз.  Осман 
халифаның  қаны  жағылған нұсқасы əлі күнге дейін сақталып келеді.
Хз.  Османның  кезінде  көбейтілген  Құран  мұсхафтарының 
кейбіреуі  бүгінге  дейін  жете  алмаған.  Проф.Док.  Исмайыл  Хаккы 
Измирли (1869-1946), олардың  арасынан  Мəдина  мұсхафы  Язид 
бин  Мұғауия  кезеңінде, (64 х./683  м.) «Харра  уақиғасында,  Мекке 
мұсхафы (70 х./689 м.) жылы, ал Куфа мұсхафы (131 х./748 м.) жылы 
жойылып кеткенін айтады. Дегенмен олардың кейбірі, атап айтсақ 
үш  нұсқасы  бүгінге  дейін  жетіп  отыр.  Олардың  бірі  Стамбулдың 
«Топкапы»  көрме  сарайында,  екіншісі  Лондонда  «İndia Offi ce» 
музейінде,  үшіншісі  Өзбекстанның  астанасы  Ташкентте.  Орыс 
патшалық  режимі  дəуірінде  оның  факсимиляциясы  мен  репродук-
циясы (суреті  мен  көшірмесі)  басылып  шықты.
Аталмыш  нұсқалардың  мəтінін  зерттеген  Док.  Хамидуллаһ 
(1908-2002), үш  нұсқаның да қолданылған бояу, материал жəне жазу 
емлесі  бір-біріне  толықтай  сəйкес  келетіндігін  айтады.                                                         


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет