«Расында, бұл Зікірді (Құранды) Біз түсірдік əрі оны Біз қорғаймыз!» (Хижр, 9). Құранның Ислам дініндегі алатын орны Ислам дінінде Құран – əр адам баласының Жаратушысымен, өз-
өзімен жəне өзі өмір сүріп жатқан қоғаммен қарым-қатынастарын
реттеуі үшін Алла тағаланың Өз елшісіне түсірген заңнамасы
іспеттес. Алла тағала Құранда: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол жəне (ақ пен қараны) айыратын дəлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Əрі Алланы ұлықтаңдар», – дейді (Бақара, 185). Ол пайғамбар Мұхаммедтің
(с.ғ.с.) Қияметке дейін өз мəні мен күшін жоғалтпайтын мұғжизасы,
ғажайып теңдессіз кітап болып табылады.
Құран Кəрімнің жалғыз қайнар көзі Жаратушы Алла тағала.
Құранда мұны білдіретін көптеген аяттар бар. Алла тағала: «Расын-