Мəдиəн қауымының жойылуы Шұғайыпты (ғ.с.) жасынға шығарғандар, тіпті жұрттарында бол-
маған дай болды. Сондай-ақ Шұғайыпты (ғ.с.) жасынға шығарғандар
зиян тартты. Сонда ол олардан бет бұрып: «Ей, елім! Расында, мен
сендерге Раббымның нұсқауларын жалғастырдым əрі сендерге үгіт
еттім. Ал енді қарсы болған бір елге қайтып қайғырамын?», – деді.
(Ағраф сүресі, 92-93) Хз. Мұса мен Харұн қиссасы (Мұхаммед ғ.с.) саған Мұса (ғ.с.) мен Перғауынның қиссасын
сенетін ел үшін дұрыс оқимыз.
(Қасас сүресі, 3) Хз. Мұса мен Харұнның Перғауынды иманға шақыруы «Дереу екеуің Перғауынға барып: «Біз бүкіл əлем Раббының
елшісіміз» деңдер», – деді.
(Шұғара сүресі, 16) Перғауынның алғашқы қасарысуы Перғауын: «Сені бала қылып асырамадық па? Өміріңнен неше
жыл арамызда болмадың ба?». «Ол қыларыңды қылдың. Сен
шүкірлік қылмайтындардансың», – деді. (Мұса ғ.с.): «Мен ол істі
істеген кезде, қателескен едім», – деді. «Сондықтан сендерден
қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыры Раббым маған хикмет беріп,
пайғамбарлардан қылды». «Сен Исраил ұрпақтарын құл қылып,
маған міндетсіген игілігің осы».
(Шұғара сүресі, 18-22)