Хз. Исаның мұғжизалары Сондай-ақ оны Исраил ұрпақтарына елші қылады: «Шын
мəнінде, сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендер-
ге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың
бұйрығынша құс болады. Жəне Алланың бұйрығынша, анадан тума
соқырды, алапесті жазып, өлікті тірілтемін əрі үйлеріңде не жеп нені
қойғандарыңнан хабар беремін. Расында, бұл жағдайда сендер үшін
əрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар». «Сондай-ақ сен-
дерге алдымдағы Тəуратты растаушы əрі Раббыларыңнан сендер-
ге арам етілген кей нəрселерді халал ететін аят келтірдім. Алладан
қорқыңдар да, маған бой ұсыныңдар» (деді). «Негізінен, Алла менің
де Раббым, сендердің де Раббыларың. Оған құлшылық қылындар,
тура жол осы».
(Əли Имран сүресі, 49-51) Сол уақытта Мəриям ұлы Ғиса (ғ.с.): «Ей, Исраил ұрпақтары!
Шын мəнінде, мен сендерге Алланың елшісімін, алдымдағы
Тəуратты растаушы жəне менен кейін келетін «Ахмед» атты
пайғамбарменен сүйіншілеймін», – деген еді. Бірақ, олар (ол
айтылған) пайғамбар, оларға ашық дəлелдермен келген кезде: «Бұл
ашық жады (сиқырлық)», – деді.
(Саф сүресі, 6)