152
жобаларыңда сынамақшы. Ендеше, жақсылыққа жарысыңдар.
Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан
нəрселеріңді білдіреді. Олардың араларына Алланың түсіргенімен
үкім ет. Олардың ойларына ілеспе жəне саған Алла түсірген кей
үкімдерден сені бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз,
Алла оларды кей күнəлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп
біл. Расында, адамдардың көбі бұзық.
(Мəидə сүресі, 48-49)
Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің, сондай-ақ Мұхаммедке (ғ.с.)
Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иман келтіргендердің,
Алла жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті.
(Мұхаммед сүресі, 2)
Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мұхаммед
ғ.с.) адаспады да, ауытқымады. Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені
көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жəбірейіл ғ.с.)
үйретті. Ол қуат иесі (Жəбірейіл өз бейнесінде) тура тұрды. (Бұл
көрініс Хыра тауында болған). Ол жоғары көк жиекте еді.
(Нəжім сүресі, 1-7)
Достарыңызбен бөлісу: