«Негізінде, Алланың қасындағы бір күн сендер санайтын мың жылмен тең» (Хаж, 47);
«Ол жоғарғы орынға періштелер жəне Жəбірейіл (ғ.с.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады» (Мағариж, 4).
Бұл аяттар уақыт ұғымының құбылмалы екендігін, физикалық
ортаға қарай өзгеріп кетуі мүмкін екендігін хабарлайды. Құран түскен
кезде адамдардың қолында мұны зерттеп білетін технологияның
болмағандығын ескерсек оның ғаламның Жаратушы Иесінен
келгендігі ақылы бар қауым үшін өздігінен айқындалады.
Қара тесіктер Астрономияда жақын арада ғана анықталған қара тесіктер де-
ген ұғым бар. Ол қуаты түгесілген (біткен) жұлдыздардың өз ішіне
қарай қатты тығыздалып, түбінде жоқ болуы жəне оның орнында
шексіз тығыздығы бар, бірақ ешқандай өлшемі жоқ шексіз тартылыс
34
күшінің пайда болуынан туындайтын бостыққа берілетін атау.
Құранда оған былай меңзеу жасалады.