Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет28/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   359
Құран оқудың артықшылығы
Абдулла бин Масғуд (Алла оған разы болсын) айтады: Алланың 
елшісі  (Алланың  оған  игілігі  мен  сəлемі  болсын)  айтты:  «Кім 
Алланың кітабынан бір əріп оқыса оған бір жақсылық жазылады 
жəне сол жақсылық он есе көбейтіледі. «Əлиф лəм мим» – бір əріп 


38
деп айтпаймын, керісінше «əлиф» бір əріп, «лəм» бір əріп, «мим» бір 
əріп». (Тирмизи риуаят еткен)
Айша  (Алла  оған  разы  болсын)  жеткізген  хадисте  Алланың 
елшісі (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) айтты: «Кім Құран 
оқудың шебері болып, (оны əдемілеп) оқыса, ол абыройлы жəне ізгі 
жазушылармен (періштелер) бірге болады, ал кім Құранды ежелеп 
оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар». (Мус-
лим риуаят еткен)
«Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны  өзгелергеде 
үйрететіндерің». 
«Кім  Құранды оқыса жəне (оны түгел) жаттап алған болса, 
сөйтіп  оның  адал  дегенін  адал  десе,  сондай-ақ  арам  дегенін  арам 
десе, соның шарапатынан Алла оны жұмаққа кіргізеді жəне оның 
отбасынан тозаққа түсуі уəжіп болған он адам шапағат етіледі»
«Құранды жаттап алып (оның мағыналарын жақсы түсініп), 
Құран  оқитын  адамның  жағдайы  жайлы  əңгімелейтін  болсақ,  ол 
аса сыйлы періштелермен бірге болады. Ал енді (Құран оқитын, əрі 
қиын болса да оған амал қылатын адамның жағдайына тоқталатын 
болсақ), оған (алдында айтылған жақсылықтан) екі есе болады»
Хазірет  Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Құран оқитын мұсылманның 
мысалы, (ол адам) тəтті  жеміс (апельсин) сияқты, дəмі де жақсы, 
исі  де  жақсы.  Ал,  Құран  оқымайтын  адам  (оқуды  білмейтін 
мұсылман ның мысалы) құрма сияқты, дəмі жақсы, бірақ исі жоқ. 
Ал енді Құран оқитын (оқуды білетін) күнəкар (мұнафиқ) адам, мы-
салы (ол) райхан сияқты, исі жақсы, ал(бірақ) дəмі ащы. Енді Құран 
оқымайтын  мұнафиқ,  мысалы  ащы  шомыр  сияқты,  дəмі  де  ащы, 
исі де жоқ»;
«Алла  тағала  бұл  Құран  себебінен  (оны  үйренетін,  үнемі 
оқитын жəне оған амал қылатын) бірнеше қауымның мəртебесін 
(дəрежесін)  биік  қылады  жəне  (оған  мəн  бермейтін)  бірнеше 
қауымның  дəрежесін  төмендетеді»
(Қиямет күні мүміндер пейішке кіргізілген бақытты сағатта) 
Құран  иесіне  (Құран  жаттаған  қариға) «Сен  Құранды  дүниеде 
қандай  «тартил»еткен  (сапалы  оқыған)  болсаң,  дəл  солай  оқы, 
сөйтіп  (жұмақ  бауларын  бойлап)  жоғарыла! (Құраннан  қанша 
жаттаған болсаң) соның ақырғы аятын оқып бітірген жерің сенің 
(жұмақтағы) мекен-жайың болады делінеді»;
«Көкірегінде  Құраннан  бірде-бір  нəрсе  (аят)  болмаған  адам, 
қирап қалған үй сияқты», – деген.


39
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет