Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет29/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
ҚҰРАН АНТОЛОГИЯСЫ
БІРІНШІ ТАРАУ.  
ҚҰРАН  КƏРІМ – БАРША ƏЛЕМГЕ НАСИХАТ
Расында, Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші 
бар ма?
(Қамар, 17)
Бұл  (Құран)  адам  баласына  бір  құлақтандыру.  Бұл  арқылы 
сескенсін жəне шын мəнінде Алланың жалғыз Тəңір екенін білсін. 
Əрі  ақыл  иелері  үгіт  алсын.
(Ибраһим, 52)
Əрине, пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге 
бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ, өзінен бұрынғы кітаптарды 
растайды. Сондай-ақ, иман келтірген ел үшін əр нəрсені ашықтайтын 
тура жол жəне игілік.
(Юсуф, 111)
Міне, осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші.  
Сондай  олар  көмеске  иман  келтіреді,  намазды  толық  орындайды, 
өздеріне  берген  несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады.
(Бақара, 2-3)
Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда 
еріктісің).  Сондай-ақ,  Құранды  өте  анықтап  оқы. (Намаз    парыз 
болу дан  бұрын, түнде ояу тұру парыз болған).
(Мүзəммил, 4)
Ал  сонда  олар  Құранды  түсінбей  ме?  Егер  Алладан  басқаның 
қасынан  болса  еді,  əрине,  онда  олар  көптеген  қайшылықтар  табар 
еді.
(Ниса, 82)


40
(Мұхаммед  ғ.с.)  саған  бір  мүбарак  Кітап  түсірдік;  аяттарын 
түсінсін əрі ақыл иелері үгіт алсын.
(Сад, 29)
Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дəлелдер жəне нақ сенген елге 
жетекші əрі  рахмет (рақым).
(Жасия, 20)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет