Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет282/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Теңіз өнімін тұтыну
Сендерге теңіз аңы жəне оны жеу халал қылынды. Сендерге əрі 
жолаушыларға  пайдалы.  Жəне  сендерге  ыхрамдағы  мезгіл  бойын-
ша  құрылықтың  аңы  арам  қылынды.  Алдына  жиналатын  Алладан 
қорқыңдар.  
(Мəидə, 96)
Жəне  де  Ол  сондай  Алла,  жас  ет  жеулерің  үшін  жəне  киініп, 
тағынатын сəндік-бұйымдар шығаруларың үшін теңізді бағындырды. 
Алладан ризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара жатқанын 
көресің. Əрине, шүкірлік етесіңдер. 
(Нахыл, 14)
Екі теңіз тең емес: Бұл тəтті шөл қандырады; ішілуі сүйкімді. Ол 
тұзды ащы. Əрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер əрі тағатын сəндік 
бұйымдар  (інжу-маржан)  шығарасыңдар.  Сондай-ақ  Алланың 
кеңшілігінен  несібе  іздеу  үшін  кеменің  теңізде  суды  жарып  бара 
жатқанын көресің. Əрине, шүкір етерсіңдер.    
(Фатыр, 12) 
Харам астар
Шынайы  түрде  сендерге  өлексені  (арам  өлген  малды),  қанды, 
доңыз  етін  жəне  Алладан  басқаның  атымен  бауыздалғанды  арам 
қылды. Сонда кім мəжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса 
оған  кінə  жоқ.  Күдіксіз,  Алла  өте  жарылқаушы,  ерекше  мейірімді. 
(Алладан басқаға арналып бауыздалған мал арам. Егер бір мұсылман 
Алладан  басқаға  жақындасу  ниетімен  бауыздаса  діннен  шығады. 
Бауыздағаны жемтік болады. Жəне мəжбүрлік екі түрлі: жейтін таба 
алмау немесе біреу зорлау (яғни, мəжбүрлеу). 
(Бақара, 173)
Сендерге өлексе, аққан қан, доңыз еті жəне Алладан басқаның 
атымен  бауыздалған  мал  арам  қылынды.  Бірде  буынып,  ұрылып, 
құлап, сүзіліп өлген малдар жəне жыртқыш жеген мал арам. Бірақ 
(жаны  шықпай)  бауыздағандарың  басқа.  Жəне  тігілген  тасқа 
(бұтқа) арнап бауыздалған мал əрі оқтар арқылы талай сынауларың 


283
 
(бал  ашуларың)  да  арам  етілді.  Бұларың  бұзықтық.  Бүгін  иман 
келтірмегендер  діндеріңнен  (тосудан)  күдер  үзді.  Олардан 
қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым 
жəне  нығметімді  тəмамдадым.  Сондай-ақ  сендерге  Ислам  дінін 
қоштап ұнаттым. Кім аштықтан шарасыз қалса, күнəға ауытқымаса 
(жеуге болады). Шəксіз, Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. 
(Мəидə, 3)
(Мұхаммед  ғ.с.): «Маған  уахи  етілгенде  жейтін  кісіге  жеуге 
арам болған нəрсені таппадым. Бірақ, жемтік немесе ағызылған қан 
негізінен арам, доңыз еті немесе күнəлы болып Алладан басқаның 
атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шықпай, 
шарасыз қалса (жеуіне болады). Күдіксіз, Раббың аса жарылқаушы, 
ерекше мейірімді» де. 
(Əнғам, 145)
Шын  мəнінде,  сендерге  жемтік,  қан,  доңыз  еті  жəне  Алла-
дан  басқаның  атын  алып  бауыздалғанды  арам  етті.  Сонда  біреу 
мəжбүрленсе,  бас  тартпаса,  шектен  шықпаса,  күдіксіз,  Алла  аса 
жарылқаушы, ерекше мейірімді.  
(Нахыл, 115)
Ей,  мүміндер!  Арақ,  құмар,  тігілген  тастар  (бұттар)  жəне  бал 
ашатын  оқтар  –  лас,  шайтанның  істерінен.  Одан  сақтаныңдар, 
құтыларсыңдар.  Негізінен,  шайтан  арақта,  құмарда  араларыңа 
дұшпандық əрі кек салып, Алланы еске алудан жəне намаздан тосу-
ды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма? 
(Мəида сүресі, 90-91) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет