278
Зина жəне оның салдары мен жазасы
Некелі əйелдермен үйленулерің арам қылынды. Бірақ,
қолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге
Алланың жазуы осы. Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой
суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (мəһір
беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы шартпен
пайдалансаңдар, бекітілген мəһірін беріңдер. Мəһір тоқтасылғаннан
кейін ризалассаңдар, (еркек артық беріп, əйелдің аз алуы немесе тіпті
алмауында) сендерге оқасы жоқ. Расында, Алла толық білуші, хик-
мет иесі.
Сендерден біреудің, мүмін азат əйел алуға шамасы келме-
се, онда қолдарыңдағы мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды
жақсы біледі. Бір- біріңненсіңдер. (Бəрің адам баласысыңдар.) Ен-
деше, күңдерді қожайындарының рұқсатымен олардың мəһірлерін
дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы жəне астыртын көңілдес
болмаулары шартымен алсын. Егер олар үйленіп алып арсыздық
істесе, онда оларға азат əйелдерге болатын жазаның жартысы орын-
далады. Бұл (күңді алу) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. Егер
сабыр етсеңдер, өздерің үшін қайырлы. Алла аса жарылқаушы, ерек-
ше мейірімді.
(Ниса, 24-25)
Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық жəне жаман
жол. (Зинаға жуымаңдар: «Соған бейімделетін əртүрлі əрекеттерден
аулақ болыңдар!» деген мағынада).
(Исра, 32)
Зинақор əйел мен ердің əрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға,
ақырет күніне сенсеңдер, оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Əрі
екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын.
(Нұр, 2)
Жала жабу
Сондай абыройлы əйелдерге зина жаласын жапсырғандар, кейін
төрт айғақ (куə) келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар.
Жəне олардың куəліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне, солар
–
бұзықтар.
(Нұр, 4)
279
Ұрлық
Ер жəне əйел ұрының қылмыстарына жаза əрі Алладан бір өнеге
түрінде қолдарын кесіңдер. Алла аса үстем, хикмет иесі.
(Мəидə, 38)
Достарыңызбен бөлісу: