Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет288/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Намаз жəне оның сыйы
Бірақ,  олардың  арасынан  білімде  мықты  болғандар  жəне  де 
саған түсірілген нəрсеге əрі сенен бұрын түсірілген нəрселерге иман 
келтіретін мүміндер, əсіресе намаз өтеушілер, зекет берушілер жəне 
Аллаға,  Ақырет  күніне  иман  келтірушілер,  əне,  соларға  ұлы  сый 
береміз.
(Ниса, 162)
(Олардың  араларында)  Кітапты  мықты  ұстаған  жəне  намазды 
толық орындағандар да бар. Əлбетте, Біз өздерін оңдағандардың са-
уап-сыйын зая қылмаймыз.
(Ағраф, 170)
Алланың  мешіттерін  тек  Аллаға  жəне  Ақырет  күніне  иман 
келтірген,  намазды  толық  атқарған,  зекетті  (тиісті  жерге)  берген 
жəне жалғыз Алладан ғана қорқатындар ғана көркейтеді əне солар-
тура жол табушылар болса, ғажап емес.
(Тəубе, 18)


288
Мүмін  еркектер  жəне  мүмін  əйелдер  бір-бірлеріне  дос.  Олар 
жақсылыққа  бұйырады,  жамандықтан  тоқтатады,  намазды  толық 
орындайды,  зекетті  (тиістілерге)  береді,  Аллаға  жəне  Оның 
пайғамбарларына  бойсұнады.  Міне,  соларға  Алла  рақым  етеді. 
Əлбетте, Алла Құдіретті, Дана.
(Тəубе, 71)
Күндіздің  екі  жартысында  да  жəне  түннің  бір  бөлігінде  намаз-
ды  толық  атқарыңдар!  Əлбетте,  игі  амалдар  жамандық  күналарды 
кетіреді. Бұл – құлақ салушылар үшін бір насихат.
(Һуд, 114)
Раббыларының  разылығын  көздеп  (қиыншылықтарға)  сабыр 
етіп,  намаздарын  толық  орындаған  жəне  Біз  ризық  қылып  берген 
нəрселерден  жасырын  жəне  əшкере – ашық  сарып-ихсан  қылған 
жəне  де  жамандықты  жақсылықпен  қайтаратындар – міне,  солар 
үшін Ақырет жұрты бар (сол жұрт) мəңгі тұратын жəннаттар болып, 
олар  ол  жерлерге  ата-бабалары,  жұбайлары  жəне  ұрпақтарынан 
болған салиқалы пенделермен бірге кіреді. 
(Рағд, 22)
Олар  Алла  зiкiр  етiлгенде,  жүректерi  қорқуға  түсетiн,  өздерiне 
жеткен бəле-апаттарға сабыр ететiн, намазды толық атқаратын жəне 
бiз ризық-несiбе етiп берген нəрселерден сарып-ихсан ететiндер.
(Хаж, 35)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет