Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Намаз оқымағандардың тауқыметі



Pdf көрінісі
бет289/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Намаз оқымағандардың тауқыметі
Сонан  соң,  олардың  арттарынан  намазды  зая  қылатын  жəне 
нəпсiлерiне (соқыр сезiмдерiне) берiлетiндер орынбасар болды. Ендi, 
ол (орынбасарлар), əлбетте, жамандыққа (жаман жазаға) жолығады. 
Тек  қана  тəубе  етіп,  иман  келтiрiп  жəне  игi  амал  қылғандар  ғана 
(азапқа  жолықтырылмайды).  Олар  жəннатқа  кiредi  жəне  оларға 
ешбiр  зұлымдық  етiлмейдi.
(Мəриəм, 59)
Олар жəннаттарда бiр-бiрлерiмен (тозаққа тасталған) қылмыскер 
туралы əңгiме етедi. (Олар тозақыларға): «Сендердi не нəрсе сақарға 


289
 
кiргiздi?» (дегендерiнде). Олар айтады: «Бiздер намаз оқушылардан 
болмадық...
(Муддəссир, 41-43)
(Құран  жəне  пайғамбарды)  да  растамады  жəне  намазды  да 
оқымады.  Керісінше,  ол  (Құранды)  өтiрiк  дедi  жəне  (иманнан)  бет 
бұрды! Сосын, (мiне, осы қылмыстарынан ұялу орнына) кердең ба-
сып өз үй жағына кеттi! (Ей, нашар адам), өлiм болсын саған, өлiм! 
Сосын, тағы өлiм болсын саған, өлiм!
(Қиямет, 31-35)
Азан
Сендер қашан намазға (азан) шақырсаңдар, олар сол (намазды) 
ойын-мазақ етіп алады. Бұған себеп – олардың ақылсыз,надан (яғни, 
айтқанды түсінбейтін) қауым екендіктері.
(Мəидə, 58)
Ей, мүміндер, қашанжұма күнiндегi намазға шақырылса(азан ай-
тылса), тездетiп Алланың зiкiрiне асығып барыңдар жəне (сол кез-
де)  сауда-саттықты  тоқтатыңдар!  Егербiлетiн  болсаңдар,  мiне,  осы 
(яғни,  Алланың  зiкiрiне-жұма  намазын  оқуға  асығу)  өздерiң  үшiн 
жақсырақ.
(Жұма, 9)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет