294
Олар Бiз оларға берiп жатқан мал-дəулет пен балаларды өздерi
үшiн жақсылықтарды тездетуiмiз деп ойлайды ма?! Жоқ, олар
(мұның олардың ықылассыздықтары тағы да арта түсуi үшiн iстелiп
жатқанын) сезбейдi.
(Муминун, 55-56)
Ол күнде мал да, дəулет те жəне бала-шаға да пайда бермейдi.
Тек Алланың алдына таза жүрекпен келгендерге ғана (пайда бередi).
(Шұғара, 88)
Əлбетте, Қарұн өзi Мұсаның қауымынан едi. Сонда ол
(қауым дастарына) тəкаппарлық қылды. Бiз оған қазына-кең
байлықтарынан кiлттерiн (көтерiп жүрудiң өзi) күш-қуат иелерi
болған бiр жамағатқа да ауырлық ететiн (есепciз) нəрселердi бер-
ген едiк. Сол кезде қауымдастары оған: «Есiрмегiн, өйткенi, Алла
есiргендердi сүймейдi жəне Алла саған берген мал-дəулетпен
(бiрiншi) Ақырет (жақсылығын) қалағын жəне дүниеден болған
нəсiбеңдi де ұмытпағын. Алла саған ихсан (жақсылық) еткенi
сияқты, сен де (Алланың пенделерiне) сарып-ихсан қыл. Жерде
(зорлық-зомбылықпен) бұзақылық жасауға ұрынба. Өйткенi, Алла
бұзақыларды сүймейдi» дегендерiнде. Ол «Маған (барлық мал-
дəулетiм) тек қана өзiмдегi бiлiм арқылы берiлген (сондықтан, ешкiм
оны меннен тартып ала алмайды»),
– дедi.
(Қасас, 76-79)
Ей, мүміндер, мал-дүниелерiң денемесе бала-шағаларың да
сендердi Алланың зiкiрiнен (яғни, Аллаға бойсұнудан) тоспасын!
Кiм сондай қылса, мiне, солар
– зиян көрушiлер!
(Мунафиқун, 9)
Сендердiң мал-мүлiктерiң жəне бала-шағаларың тек бiр алда-
ныш-сынау ғана. Ұлы сауап-сый болса, Жалғыз Алланың алдында.
(Тағабун, 15)
Жоқ, (сендер күмəн еткендерiңдей iзет-құрмет байлықпен, қор
болу кедейлiкпен болмайды). Жоқ, сендер жетiмдi
iзет-құрмет
етпейсiңдер! Мүскiн-бейшараға тағам беруге де бiр-бiрлерiңдi
үгiттемейсiңдер! Мирасты болса (өздерiңнiң үлестерiңе өзгелер дiкiн
де) қосып жеумен асай бересiңдер! Жəне мал-дүниенi бекем махаб-
батпен жақсы көресiңдер!
(Фəжр, 17-20)
296
сақтап, жылу беріп тұратын киім секілді). Алла сендердің өздеріңе
қиянат етіп жатқандарыңды біліп, тəубелеріңді қабыл қылды жəне
сендерді кешірді. Енді олармен (əйелдеріңмен ораза түндерінде де)
қосыла беріңдер жəне Алла сендерге жазғанды (перзентті) тілек
етіңдер. Таңнан ақ жіп қара жіптен ажыратылған кезге дейін, жеп-
іше беріңдер. Сонан кешке дейін оразаны кемшіліксіз тұтыңдар.
Мешіттерде Иғтикафта болған (ғибадат еткен) кезде (сол түні де)
олармен (əйелдеріңмен) қосылмаңдар.
(Бақара сүресі, 187)
Достарыңызбен бөлісу: