Сөздердің ең көркемі Олар көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолына салын-
ғандар. (Көркем сөз: Алладан басқа ешбір тəңір жоқ).
(Хаж-24) Алла аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің
ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың
түктері үрпиеді. Сонан соң олардың терілері, жүректері Алланың
зікіріне жұмсайды. Бұл (Құран) – Алланың тура жолы. Онымен
кімді қаласа, тура жолға салады. Алла əлде кімді адастырса, сонда
оған тура жол көрсетуші болмайды.
(Зумəр, 23) Дұрыс пен бұрысты айырушы Бұрын адамдарға тура жол еді. Жəне парық қылатын мұғжизаны
түсірді. Расында, Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты
азап бар. Алла өте үстем, өш алу күшіне ие.
(Əли Ғымран, 4) Бүкіл əлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды
айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары.
(Фурқан, 1)