Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет49/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Аллаға серік қосу
Алла  Өзіне  ортақ  қосылуды  жарылқамайды  да,  бұдан  өзге 
қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, ра-
сында, жала жауып, зор күнəлі болды.
(Ниса, 48)
Расында, Алла Өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа 
кімді қаласа, жарылқайды. Ал жəне кім Аллаға ортақ қосса, расын-
да,  өте  ұзаққа  адасты.  Олар  (Мекке  мүшріктері)  Алланы  қойып, 
Одан  өзге  ұрғашыларға  жалбарынды.  Негізінен,  олар  қасарысқан 
шайтанға жалбарынды.  
  (Ниса, 116-117)


64
«Ол  (Алла)  əр  нəрсенің  Раббы  бола  тұра,  Алладан  басқа  «раб-
бы»  іздейін  бе?  Əрбіреудің  істегені  өзіне  тəн.  Біреудің  күнəсін 
біреу  көтермейді.  Сонан  соң  қайтар  жерлерің  Раббыларың.  Сонда 
қайшылықта  болған  нəрселеріңді  білдіреді»  де.  Ол  сондай  Алла, 
сендерді жердің халифалары етті. Сендерге берген нəрселерде сынау 
үшін дəрежелерде біріңді-біріңнен жоғары көтерді. Күдіксіз, Раббың 
жедел жаза беруші жəне шынайы жарылқаушы, ерекше мейірімді. 
(Əнғам, 164-165)
(Мұхаммед  ғ.с.)  оларға: «Алладан  өзге  шоқынған  нəрселеріңді 
көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. 
Немесе  олардың  көктерде  ортақтығы  бар  ма?  Егер  шыншыл 
болсаңдар,  маған  бұдан  бұрынғы  бір  кітап  яки  ғылыми  деректер 
келтіріңдер» де. Алладан өзге Қияметке дейін өзіне жауап бере ал-
майтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Əрине, табынғандары 
олардың  жалбарынуларынан  хабарсыз.  Адамдар  жиналған  кезде 
оларға  табынғандары  дұшпан  болып,  олардың  өздеріне  құлшылық 
қылғандықтарына қарсы шығады).
 (Ахқаф, 4-6)
Көңіл  бөліңдер!  Дін  нағыз  Аллаға  тəн.  Сондай  Алладан  өзгені 
дос  тұтқандар: «Біз  бұларға  Аллаға  жақындастырсын  деп  қана 
табынамыз» (дейді).  Күдіксіз,  олардың  араларындағы  таласқан 
нəрселеріне  Алла  үкім  береді.  Расында,  Алла  кім  өтірікші,  өте 
қарсы болса, оны тура жолға салмайды. Егер Алла бала иемденуді 
қаласа  еді,  жаратқанынан  қалағанын  таңдар  еді.  Ол  одан  пəк.  Ол 
Алла жалғыз, өте үстем. Көктерді, жерді шындық бойынша жарат-
ты. Түнді күндізге  айналдырады, күндізді түнге айналдырады жəне  
күн мен  айды  меңгереді. Əрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп 
тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы.
(Зумəр, 3-5)
(Мұхаммед ғ.с.) «Жер жүзінде кезіңдер де, күнəкарлардың соңы 
қалай  болғанын  көріңдер»  де. «Оларға  күйінбе  де,  олардың  айла-
керліктеріне тарылма».
(Нəміл, 69-70)


65
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет