Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет51/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   359
Тəңір барлығын билеуші
Ол  сондай  Алла,  көктерді  тірексіз  көтерді,  көріп  тұрсыңдар. 
Сонан соң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды  іске қосты. Олардың 
əрбірі  бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді  Ол жолға қойып, 
аяттарды  ашық  баян  етеді.  Əрине,  Раббыларыңа  кездесетіндеріңе 
нанарсыңдар.
(Рағыд, 2)
Ол  көктен  жерге  дейін  істі  игереді.  Сонан  соң  сендердің 
санауларың  бойынша,  мың  жыл  шамасындағы  бір  күнде  Оған 
көтеріледі.
(Сəжде, 5)
Тəңір барлық нəрсенің Жаратушысы
Көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайша бо-
лады?  Оның  жұбайы  да  жоқ.  Барлық  нəрсені  жаратқан  əрі  Ол  əр 
нəрсені толық білуші.
(Əнғам, 101)


67
 
Расында, сендерді жаратып, сонан кейін бейнеледік. Сонан соң 
періштелерге: «Адамға  сəжде  қылындар!»  дедік.  Барлығы  сəжде 
етті. Бірақ, Ібіліс сəжде етпеді де, сəжде етушілерден де болмады.
(Ағраф, 11)
 
Көктер  мен  жердің  патшалығы  Оныкі  (Алланыкі).  Ол  ешкімді 
бала  қылып  алмады  да,  Оның  патшалығында  ешбір  ортағы  жоқ. 
Сондай-ақ əр нəрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі.
(Фурқан, 2)
Олар  шынында  көктер  мен  жерді  жаратқан  Алланың  өздері 
сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар 
үшін бір  белгілі мерзім жасаған, онда əсте шəк (күмəн) жоқ. Сонда 
да  залымдар бас тартып, мүлде қарсы  келді.
(Исра, 99)
Сөздеріңді  жасырсаңдар  немесе  əшкерелесеңдер  де,  шəксіз, 
Алла көңілдегіні толық біледі. Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, 
əр нəрсені толық білуші.
(Мүлік, 13-14)
Қарсы  болғандар,  негізінде,  көктер  мен  жер  тиіскен  еді  (əуел 
баста  тосылған,  яғни  көктен  жаңбыр  жаумайтын,  жерден  өсімдік 
өспейтін  болғанын),  оларды  ажыратқанымызды  (Біз  оларды  боса-
тып,  ашып  жібергенімізді,  яғни  жаңбыр  жаудырып,  жерден  өнім 
шығарғанымызды)  əрі  жанды  нəрсені  судан  жаратқанымызды 
көрмей  ме?  Сондай-ақ  (жалғыз  жаратушы  Алланың  бар  екеніне 
осындай дəлелдер бар болса да) сенбей ме?
 (Əнбия, 30)
Олар  оған  жүгірісіп  келді. «(Қолмен)  жонып  алғандарына  шо-
қынасыңдар ма?», – деді. «Алла сендерді де жасаған нəрселеріңді де 
жаратты». 
(Саффат сүресі,  94-96)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет