Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет5/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

АВТОРДАН
Құран – Ислам дінінің жəне мұсылман қауымының негізгі тірегі 
болып  табылады.  Егер  қараңғылықта  өмір  сүріп  жатқан  қауымды 
білім    мен      мəдениеттің    жарығына    қарай  жетелей  алатын  əрі 
ғасыр лар    бойы  өз  құндылығын  жоғалтпастан  сақтап  қала  алатын 
кітап  бар  ма  деген  сауал  қойылатын  болса,  əрине,  бар  деп  жауап 
береміз,  ол – Құран    Кəрім!  Бұл  кітаптың  ықпалы  тек  араб  қауы-
мымен ғана шектелген жоқ, ол бүкіл дүниежүзінің  дүниетанымы-
на,  мəдениетіне  жəне  күнделікті  тіршілігіне  ғасырлар  бойы  ықпал 
етіп келді жəне ықпалы күмəнсіз жалғаса бермек. Құран теңдессіз 
кітап  болғандықтан  оны  түсіну  үшін  қаншама  кітап  жазылса  да 
жеткіліксіз. Ислам ғұламалары айтқанындай, «Барлық кітаптар бір 
ғана  Кітапты  түсіну  үшін  жазылады».
Сіздерге  ұсынылып  отырған, «Құран  антологиясы»  жинағы 
оқырман қауымға Құранның мазмұны жайында негізгі түсінік беру 
үшін  жəне  оларды  Құран  мен  Исламның  құндылығымен  таны-
стыру  үшін  арнайы    таңдалып    алынған  əрі  тақырыптар  бойынша 
классификацияланған Құраннан үзінділерді қамтиды. Бұл жинақты 
жазудағы  мақсатымыз  иман  жəне  ғылымсүйер  қауымды  Құранмен 
таныстыру, Құранның босағасына жетелеп  алып бару, онымен руха-
ни  жақынырақ  араласуға  себепкер  болу ғана. 
Антологияның  ерекшелігі  оқырманның  қажетті  тақырып  бой-
ынша  ең  таңдаулы  аяттарға  оңай  қол  жеткізуіне  көмектеседі. 
Сондықтан  да  бұл  еңбек  дəл  Құранның  өзі  секілді  оқырманның 
кез-келген деңгейіне, жас ұрпаққа да, еңселі қарияларға да арнала-
ды.  Əсіресе,  біз  араб  тілін  білмейтін  жəне  Құранмен  тек  оның  ау-
дармасы  ғана  арқылы  танысқысы  келетін  оқырман  қауымды  есеп-
ке алдық. Алайда, ол сонымен қатар оқу орындарында Исламтану, 
дінтану, теология мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер-
ге  жəне  оқытушыларға  көмекші  құрал  ретінде  таптырмас  оқулық 
болмақ. Сондай-ақ Ислам діні жəне оның киелі кітабы мен негізгі 
принциптері  жайында  зерттеумен  айналысып  жүрген,  өздігімен 
қызығып оқимын дейтін кез-келген оқырман, мұғалім, шəкірт, жас, 
кəрі,  мұсылман  жəне  мұсылман  емес  оқырмандар  да  бұл  кітаптан 
пайдалана алады деген үміттеміз. Кітаптың кіріспе бөлімінде Құран 
Кəрім жайында ғылыми тұрғыдан жазылған мағлұматтарды табасыз. 


22
Себебі, Құранның мəтініне кіріспес бұрын ол жайында, оның қашан 
жəне қалай адамзаттың қолына жеткендігі, тарихта қандай жол жүріп 
өткендігі, оның құрылымы мен мазмұны жайында аз да болса мəлімет 
иесі болу керек деп шештік. Негізгі бөлімде тақырыптар бойынша 
классификацияланған  Құран  аяттарының  антологиясы  келтіріледі. 
Аяттарды таңдау барысында қайталанатын аяттардың бір нұсқасын 
ғана  алдық  жəне  тақырыпты  ең  жақсы  ашады-ау  деген  аяттарды 
таңдап алуға көңіл бөлдік. Кітаптың көлемінің мүмкіндік бермеуіне 
орай арапша түпнұсқаларынсыз аяттардың тек мағыналық аударма-
сын ғана берумен шектелдік. Еңбекте Медине Мұнаууарадағы Құран 
Кəрім басым комбинатында жарық көрген, қазақ халқының ғалымы  
марқұм Халифа Алтайдың (Алла оны рақымына бөлесін) аударма-
сын пайдаландық. Кітаптың соңында Құранда жəне кіріспе бөлімде  
ұшырасатын  кейбір  діни  терминдер  мен  ұғымдарға  түсініктеме 
беретін сөздікше орын алады.   
Кітапты  сараптаудан  өткізген  дінтанушы,  Медине  Ислам 
университетінің түлегі, қазақтың абзал азаматы Айбек Зулайұлы ба-
уырыма алғысымды білдіремін. 
Осы  еңбектің  əзірленуіне  өзіндік  үлестерін  қосқан  барлық 
мұсылман бауырларымыз бен əріптестерімізге Алланың игілігі мен 
рақымын  тілейміз  жəне  Құран  жолындағы  осы  аз  ғана  еңбегіміз 
халықтың  игілігіне  жарайды  деп  үміттенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет