Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Тəңір аспандар мен жерлердің нұры



Pdf көрінісі
бет68/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   359
Тəңір аспандар мен жерлердің нұры
Алла көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде 
жарық  бар  қуыс  (немесе  қуыста  жанған  жарық)  сияқты.  Жарық 
əйнектің  ішінде.  Ал  əйнек;  бейне  інжудей  бір  жұлдыз.  Шығыста, 
батыста  болмаған  берекетті  зəйтін  майымен  тамызылады.  Тіпті 
от  тимей-ақ,  оның  майы  жарық  бергелі  тұр.  Нұр  үстіне  нұр.  Алла 
қалаған  кісісін  өз  нұрына  бөлейді.  Алла  адамдарға  өстіп  мы-
сал  береді.  Алла  əр  нəрсені  толық  білуші. (Бұл  нұр)  Алланың 
жоғары  бағаланып,  ішінде  Өз  атының  зікір  етілуіне  бұйырған 
үйлерде  болады.  Онда  ертелі-кеш  Оны  дəріптейді.  Өздерін  сауда-
саттық;  Алланың  зікірінен,  намазды  орындаудан,  зекет  беруден 
тоспайтын  адамдар  бар.  Олар  жүректер  мен  көздердің  қозғалатын 
күнінен қорқады. Сондықтан Алла оларға істегендерінің ең көркем 


83
 
сыйлығын, тіпті өз қасынан артылтып береді. Алла қалаған құлын 
есепсіз несібеге бөлейді. Сондай қарсы болғандардың істері шөлдегі 
сағым  сияқты.  Шөлдеген  кісі  оны  су  деп  ойлайды.  Ақыры  оған 
барған сəтте, еш нəрсе таба алмайды. Жанында Алланы табады. Ол 
оның есебін толық көреді. Алланың есебі жылдам. Немесе олардың 
мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тəрізді. Толқын үстіне толқын, 
оның  үстін  бұлт  қаптаған  қараңғылықтар;  бір-бірінің  үстінде.  Кісі 
қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің 
жарығы  болмайды.  Көктер  мен  жердегі  əркімнің  əрі  қатар-қатар 
ұшқан  құстың  Алланы  дəріптегенін  көрмейсің  бе?  Барлығы  өзіне 
тəн намазын, тəсбихын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі.  
Көктер мен жердің меңгеруі Аллаға тəн. Жəне қайтар жер де Алла 
жақ. Көрмейсің бе? Рас, Алла бұлттарды айдайды. Сонан соң оның 
араларын  біріктіреді.  Содан  кейін  оны  қабат-қабат  қылады.  Сонда 
бұлттың  араларынан  жаңбыр  шыққанын  көресің.  Жəне  аспаннан 
ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де, ол арқылы қалаған 
пендесіне  апат  жеткізіп,  қалағанынан  бұрып  əкетеді.  Нажағайдың 
жарқылы көздерді əкете жаздайды. Алла күндізбен түнді ауыстыра-
ды. Рас, бұнда қырағылар үшін  əрине ғибрат бар. Алла əр жан дық   ты 
судан жаратты. Сонда кейбіреуі бауырымен жүреді, кейбіреулері екі 
аяғымен жүреді жəне кейбіреуі төрт аяқтап жүреді. Алла қалағанын 
жаратады. Рас, Алланың əр нəрсеге толық күші жетуші. 
(Нұр сүресі, 35-45)
(Мұхаммед  ғ.с.)  оларға: «Көрдіңдер  ме,  егер  Алла  сендерге 
Қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге 
жарық келтіретін тəңір кім? Естімейсіңдер ме?», – де.  «Көрдіңдер 
ме,  егер  Алла  сендерге  Қиямет  күніне  дейін  ұдайы  күндіз  қылса, 
Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тəңір кім? 
Көз салмайсыңдар ма?», – де. Алла сендерге өз мəрхаметінен түнді 
тынығу, күндізді кеңшілігін (ризық) іздеулерің  үшін жаратты. Əри-
не, шүкірлік етерсіңдер.
(Қасас сүресі, 71-73)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет