85
(Мұса ғ.с.): «Олардың мəліметі Раббымның қасындағы Кітапта
бар. Раббым жаңылмайды да, ұмытпайды», – деді.
(Taha сүресі, 52)
Олар істеген əр нəрсе дəптерде бекітілген. Үлкен-кіші əр нəрсе
жазулы.
(Қамар сүресі, 52-53)
Тəңір сəждеге лайықты
Олар Алланың жаратқан нəрселерінің көлеңкелерінің оң жəне
сол жақтардан ауытқып, Аллаға бас қойған түрде, олардың бой
ұсынғанын көрмей ме? Көктерде жəне жерде болған əр жандық əрі
періштелер тəкаппарланбай, Аллаға сəжде қылады.
(Нахыл сүресі, 48-49)
Кештің бір бөлімінде Оған сəжде қыл. Əрі Оны түні бойы дəріпте.
(Инсан сүресі, 26)
(Мұхаммед ғ.с.) көрмейсің бе? Аллаға көктерде, жерде болған
əркім; күн, ай, жүлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар жəне адамдардың
көбі сəжде қылады. Жəне де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла
кімді қорласа, сонда оны ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз,
Алла қалағанын істейді.
(Хаж сүресі, 18)
Достарыңызбен бөлісу: