131
енді біреу маған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы кел-
се, онда Сен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдісің». «Раббымыз!
Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)-ның
жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын!
Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды
жемістермен ризықтандыр! Əрине, олар шүкіршілік етер». «Раб-
бымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, əшкерелерімізді білесің. Жердегі,
көктегі нəрселер Аллаға жасырын емес». «Барлық мақтау маған
қартайған шағымда Исмайыл мен Ысхақты берген Аллаға тəн.
Күдіксіз, Раббым тілекті естуші». «Раббым! Мені əрі ұрпақтарымды
намазды толық орындаушы қыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл
айла!». «Раббымыз! Есеп құрылатын күні мені, əке-шешемді жəне
мүміндерді жарылқа!», – (деді)
(Ибраһим сүресі, 35-41)
Достарыңызбен бөлісу: