130
(Ибраһим ғ.с.): «Раббым жаққа кетемін. Ол маған жол көрсетеді»
деді. «Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!». Оны өте мүлайым
бір ұлмен қуанттық. Ұлы (Исмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кез-
де: «Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар ау-
дар, көзқарасың не?» – деді. Ол: «Əй, əкетайым! Өзіңе не əмір етілсе
соны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың», – деді.
(Ибраһим ғ.с. құрбан айының сегізі күні баласын құрбан шалатын
бір түс көріп, күдіктенгендіктен: «Таруя»-күдікгі күн деп, тоғызы
күні түсті қайта көріп, рас, деп танығандықтан: «Ғарифа»- тану күні
деп, оны күні жəне көріп құрбан шалғандықтан: «Нахыр» деп атала-
ды). Сөйтіп, екеуі де ұнап, əкесі оны маңдайының үстіне жатқызады.
(Құдыретше бауыздаған пышақ кеспеді). Біз оған: «Ей, Ибраһим»,
– деп дабыстадық: «Рас, түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз, ізгі іс
істегендерді осылайша сынаймыз» (дедік). Шын мəнінде, бұл бір
ашық сынау еді. Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше
бір құрбандық қошқар беріледі). Кейінгі нəсілдерде, оған (жақсы
даңқ) қалдырдық. Ибраһим (ғ.с.)-ға сəлем. Рас, ізгі істер істеушілерді
осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені ол сенген құлдарымыздан
еді.
(Саффат сүресі, 99-111)
Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!», – деді. Ол: «Бүкіл əлемнің
Раббына бой ұсындым», – деді.
(Бақара сүресі, 131)
Достарыңызбен бөлісу: