Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Лұттың өз қауымын тастап кетуі



Pdf көрінісі
бет138/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Лұттың өз қауымын тастап кетуі
(Лұт  ғ.с.): «Əттең!  Сендерге  төтеп  берер  күшім  болса  не  бір 
мықты  бекініске  паналасам», – деді. (Елшілер): «Ей,  Лұт!  Расын-
да,  біз  Раббыңның  елшілеріміз.  Олар  əсте  саған  соқтыға  алмайды. 
Дереу  түннің  бір  бөлімінде  үй-ішіңмен  жөнел,  жұбайыңнан  басқа 
ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған да жетеді. 
Олардың уəдесі таң. Таң жақын емес пе?», – деді.  
(Һуд сүресі, 80, 81)
Лұт қауымының жойылуы
Оларға  апат  əміріміз  келген  сəтте,  ол  жердің  үстін  астына 
келтірдік.  Сондай-ақ  үстеріне  ерекше  əзірленіп  қыздырылған  тас 


137
 
жаудырдық.  Раббыңның қасында таңбаланған болатын. Бұл апат за-
лымдардан ұзақ емес. 
(Һуд сүресі, 82-83)
Ол  жерден  мүміндерді  шығардық.  Дегенмен,  ол  жерде  мұсыл-
маннан бір үйден басқа таппадық. (Лұт ғ.с. мен екі қызы). Ол арада 
күйзелтуші  азаптан  қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық. 
(Зəриəт сүресі, 35-37)
Сол уақытта оны да, отбасын да түгел құтқардық. Бірақ қалған-
дардың    ішіндегі  бір  кемпірден  басқа.  Сонан  соң      өзгелерін    жоқ 
ет   тік. 
(Саффат сүресі, 134-136)
(Мұхаммед  ғ.с.)  Өміріңе  серт!  Олар,  расында,  мастықтарында 
дел-сал еді. Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды. Оны асты-үсті 
қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық. Күдіксіз, осында 
қырағылар үшін, əлбетте, өнегелер бар. Өйткені, ол жер жол үстінде 
еді. Күдіксіз, осында мүміндер үшін ғыбрат бар. 
 (Хижр сүресі, 72-77)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет