Періштелердің Лұтты зиярат етуі Елшілеріміз (жас жігіттер бейнесінде) Лұтқа (ғ.с.) келгенде
(елінің сұмдығын ойлап), олардың келуімен қынжылды да, олардың
салдарынан көңлі тарайып: «Бұл ауыр бір күн», – деді.
(Һуд сүресі, 77) Елшілер Лұт семьясына келгенде, Лұт (ғ.с.) оларға: «Сөзсіз,
сендер бөгде кісілерсіңдер», – деді. (Елшілер): «Жоқ, біз олардың
күмəнданған азабын алып келдік», – деді. «Біз саған нақты шын дықты
келтірдік. Əрине, шын айтамыз». «Дереу кештің бір бөлімін де түн
қатып үй-ішіңді алып жөнел. Өзің олардың артында жүр. Сендер-
ден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер».
(Лұт ғ.с.-ға): «Күдіксіз, олардың соңы таңменен жоғалады» деген
бұйрықты білдірдік.
(Хижр сүресі, 61-66)