Хз. Шұғайыбтың бұзылған халықпен күресі Мəдиян еліне туыстары Шұғайыпты (ғ.с.) жібердік: «Ей, елім!
Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тəңірлерің
жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дəлел келді. Енді өлшеуді,
тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нəрселерін кемітпеңдер.
Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман
келтірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы», – деді.
(Ағраф сүресі, 85) Мəдиянға туыстары Шұғайыпты жібердік: «Ей, елім! Аллаға
құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тəңірлерің жоқ.
Сондай-ақ өлшеуді, таразыны кемітпеңдер. Расында, мен сендерді
молшылық ішінде көремін. Күдіксіз, мен сендерге байланысты тырп
еткізбейтін күннің азабынан қорқамын», – деді. «Ей, елім! Өлшеуді,
тартуды толық орындаңдар, адамдардың нəрселерін кемітпеңдер!
Сондай-ақ жер жүзінде бұзғыншы болып жүрмеңдер». «Егер на-
натын болсаңдар, сендерге Алланың қалдырған халал нəрсесі
қайырлы. Мен сендерге күзетші емеспін».
(Һуд сүресі, 84-86)