Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Мұсаның сиқыршыларды жеңуі



Pdf көрінісі
бет152/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Мұсаның сиқыршыларды жеңуі
«Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жал-
масын. Шынында, олардың жасағандары сиқыршының ғана айласы. 
Сиқыршы қайда барса да құтылмайды», – дедік. 
  (Taha сүресі,  69)


145
 
Мұсаға: «Таяғыңды  таста»  деп  уахи  еттік.  Сол  сəтте  таяқ 
олардың  жасанды  нəрселерін  жалмай  бастады.  Сонда  шындық 
ортаға қойылып, олардың істегендері босқа кетті. Сөйтіп олар сол 
арада жеңіліске ұшырап, қор  болып  қайтты. 
(Ағраф сүресі, 117-119)
Сиқыршылардың иман келтіруі жəне Перғауынның 
ызасы 
Сонда бүкіл сиқыршылар сəждеге жығылып: «Мұса мен Һарунның 
Раббысына иман келтірдік», – деді. (Перғауын сиқыршыларға): «Мен 
сендерге рұқсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме? Əрине, ол сен-
дерге сиқырды үйреткен үлкендерің екен. Енді, əлбетте, қолдарыңды 
да,  аяқтарыңды  да  шадырлата  (яғни,  оң  қол  мен  сол  аяқтарыңды 
жəне сол қол мен оң аяқтарыңды айқаштап) кесемін. Жəне сендерді 
құрманың  бұтақтарына  асамын.  Сөйтіп,  қайсымыздың  азабымыз 
қатты да тұрақты екенін жақсы білесіңдер», – деді. Олар: «Бізге кел-
ген  ашық  мұғжизалардан,  сондай-ақ  бізді  жаратқаннан  сені  артық 
көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Əрине, сен осы дүниеде 
ғана  ықпал  жүргізе  аласың», – деді. «Күдіксіз,  біз  қателіктерімізді 
жəне  сен  бізді  зорлаған  сиқырды  кешіруі  үшін  Раббымызға  иман 
келтірдік. Сондай-ақ Алла қайырлы да тұрақты», – деді. 
(Taha сүресі,  70-73)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет