Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Мəриямға Жəбірейіл періштенің көрінуі жəне ұл



Pdf көрінісі
бет158/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Мəриямға Жəбірейіл періштенің көрінуі жəне ұл 
сүйіншілеуі
(Мұхаммед ғ.с.) Құрандағы Мəриямды айтып бер. Сол уақытта 
ол,  тұрған  үйінің  шығыс  жағындағы  бір  орынға  жекеленіп  барды. 
Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-
ақ оған рұхымызды (Жəбірейілді) жібердік те, ол оған толық адам 
бейнесінде  көрінді. (Мəриям): «Егер  сен  тақуа  болсаң  да,  сенен 
Аллаға сыйынамын», – деді. (Рұх): «Мен саған бір таза бала беруге 
жіберілген Раббыңның елшісімін», – деді. 
(Мəриəм сүресі, 16-19)
Сол уақытта періштелер: «Ей, Мəриям! Расында, Алла сені Өз 
тарапынан  бір  сөзбен  қуантады;  оның  аты – Мəсих  Ғиса  Мəриям 
ұлы,  дүние-ақыретте  беделді,  сондай-ақ  Аллаға  жақындардан  бо-
лады», – деді.  Бесікте  жəне  ержеткенде  адамдарға  сөйлейді.  Əрі 
игілерден болады. 
(Əли Имран сүресі, 45-46)
Мəриям: «Маған бір адам жұғыспаса, менде қалайша бала бола-
ды? Сондай-ақ суық жолда болмасам», – деді. (Жəбірейіл ғ.с.): «Ол, 
солайша», – деді. Өйткені, Раббың: «Бұл – Маған оңай. Мен тараптан 
адам баласына бір үлгі əрі бір мəрхамет. Бұл біткен бір іс еді», – деді. 
Мəриям ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.
(Мəриəм сүресі, 20-22)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет