Жындарды бағындыруы Оған суға сүңгитін, басқа істер де істейтін жындардан да мойын-
сал қылдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік.
(Əнбия сүресі, 82) Əртүрлі құрылыс жасаушы жəне сүңгігіш шайтандарды бағын-
дырдық. Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді.
(Сад сүресі, 37-38) Хз. Юныс қиссасы Хз. Юныстың қауымын тастап кетуі Юнысты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып кетіп қалды да, Біздің
еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде
(балықтың қарнында): «Сенен басқа ешбір тəңір жоқ. Сен Пəксің.
Шын мəнінде, мен қателесушілерден болдым», – деп жалбарынды.
(Айтқанына көнбеген еліне ашуланып, бет алды кетіп, бір кемеге
отырғанда балық жұтады).
(Əнбия сүресі, 87) Сол уақытта ол толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кеме-
ге барып түскенде; кеме ауырлап жүре алмай, шар салғанда соған
шығады). Шар салғанда ол жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге
түсті). Сонда оны балық жұтты. Ол айыпталған еді.
(Саффат сүресі, 140-142)