Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Қайта тірілу жайындағы сұрақтарына жауап



Pdf көрінісі
бет193/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Қайта тірілу жайындағы сұрақтарына жауап
Олар: «Қашан  топыраққа  араласып  жоғалсақ,  шынымен 
де  жаңа  жаратыламыз  ба?», – дейді.  Əрине,  олар  Раббылары-
на  қауышуға  қарсы  келгендер. (Мұхаммед  ғ.с.): «Сендерге  уəкіл 
етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сонан соң Раббыларыңа  
қайтасыңдар» де.
 (Сəжде сүресі, 10-11)
Керісінше, қарсы келгендер (Құрайыш кəпірлері) өздеріне арала-
рынан бір ескертуші келуін: «Бұл бір ғажайып нəрсе» десті. (Жəне 
былай десті): «Біз өліп, топырақ болған кезде, (қайта тірілеміз бе?). 
Бұл  қайту  ақылдан  ұзақ.  Расында,  жердің  олардан  нені  кеміткенін 


188
білеміз.  Жанымызда  əр  нəрсені  сақтаушы  бір  Кітап  бар. (Лаухы 
Махфүз). 
(Қаф сүресі, 2-4)
Олар: «Біз  сүйектер  жəне  қоқыс  болған  кезде,  жаңа  бір  жа-
ратылыспен  қайта  тірілеміз  бе?», – деді. (Мұхаммед  ғ.с.)  оларға: 
«Тас болыңдар», – де.  «Əлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс 
болыңдар. (Қайта  тірілтілесіңдер). «Сонда  олар: «Бізді  кім  қайта 
тірілтеді?», – дейді. «Жақында болатын шығар» де. 
(Исра сүресі, 49-51)
Бұл  олардың  сазайы.  Өйткені,  олар  аяттарымызға  қарсы  келді. 
Жəне: «Біз  сүйектер,  тіпті  қоқым  топырақ  болып  кеткен  кезде; 
жаңадан  жаратылып,  тірілеміз  бе?», – деді.  Олар  шынында  көктер 
мен  жерді  жаратқан  Алланың,  өздері  сияқтыларды  да  жаратуға 
күші  жететіндігін  көрмей  ме? (Алла)  олар  үшін  бір  белгілі  мерзім 
жасаған, онда əсте шəк (күмəн) жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, 
мүлде қарсы келді. 
(Исра сүресі, 98-99)
Күпірлік 
(Құрайыш кəпірлері: «Ей, Мұхаммед! Бір жыл Аллаға, бір жыл 
пұтқа табынайық» – десті). (Мұхаммед ғ.с): «Ей, кəпірлер (құрайыш 
кəпірлері)! Сендердің табынғандарыңа табынбаймын. Əрі сендер де 
менің  құлшылық  қылғаныма  құлшылық  қылмайсыңдар.  Сірə,  мен 
сендердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін. Сондай-ақ сендер 
де  менің  құлшылық  қылғаныма  құлшылық  қылушы  емессіңдер. 
Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тəн» де. 
(Кəфирун сүресі)
Алланың  аяттарына  қарсы  келгендер  жəне  жазықсыз  пай-
ғамбарларды  өлтіргендер,  сондай-ақ  адамдарға  туралықты  əмір 
еткендерді  өлтіргендер  соларды  күйзелтуші  азаппен  сүйіншіле. 
Міне, солар дүниеде де, ақыретте де амалдары жойылғандар. Сондай-
ақ  олар  үшін  жəрдемші  жоқ. (Мұхаммед  ғ.с.)  сондай  кітаптардан 
үлес берілгендердің, араларына үкім беру үшін Алланың кітабына 


189
 
шақырылғандарды көрмейсің бе? Сонан соң олардың бір бөлімі Одан 
бет бұрады. Сондай-ақ олар ұдайы бет бұрушы. Бұл олардың: «Бізге 
тозақ оты санаулы күндер ғана соқтығады» дегендіктері себепті. Дін 
жайындағы жасанды нəрселері оларды алдады. Болуы шəксіз күнде 
жинағанымызда,  сондай-ақ  əркімге  əділетсіздік  етілмей  еңбек тері 
толық берілгенде, жағдайлары қалай болар еді?..
(Əли Имран сүресі, 21-25)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет