Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет189/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

(Ағраф сүресі, 185)
Алланың  құрылықта  да  сендерді  жерге  жұттыруынан  немесе 
сендерге  тасты  боран  жіберуінен  қауіпсізсіңдер  ме?  Содан  кейін 
өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар. 
(Исра сүресі, 68)
(Мұхаммед  ғ.с.): «Сендерді  аспаннан,  жерден  кім  ризық тан-
дырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім 
шығарады? Əр істі кім игерді?» – де. Олар: «Алла», – дейді. «Енде-
ше, Алладан  қорықпайсыңдар  ма?» де. 
(Юныс сүресі, 31)
Қарсы  болғандар,  өздеріне  (жан  алғыш)  періштелердің  келуін 
немесе  Раббыңның  бұйрығының  келуін  ғана  күте  ме?  Бұлардан 


180
бұрыңғылар да осылайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға 
зұлымдық қылмады. Бірақ, олар өздеріне зұлымдық  қылған  еді. 
(Нахыл сүресі, 33)
 Ал олар Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттен сез-
беген түрде Қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма? 
(Юсып сүресі, 107)
Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның сал-
дарынан  бір  құйын  жіберіп  суға  батыруынан бейбітсіңдер ме? 
Сон да сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар. 
(Исра сүресі, 69)
(Мұхаммед  ғ.с.)  олардан: «Көктер  мен  жердің  Раббы  кім?» –
деп  сұра  да, «Алла!» – деп  айт. «Алланы  қойып,  тіпті  өздеріне  де 
пайда,  зиян  келтіре  алмайтындарды  ие  қылып  алдыңдар  ма?»  де. 
«Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?» 
де.  Яки    болмаса    олар  Аллаға,  Оның  жаратқанындай    жарататын, 
жаратулары Алланың  жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) 
айт: «Əр  нəрсені  жаратушы  Алла. Ол жалғыз, аса  өктем». 
(Рағыд сүресі, 16)
Сондай  мекерліктің  (қулық-сұмдықтың)  жаманын  істегендер, 
Алланың  өздерін  жерге  жұттыруынан  немесе  ойламаған  жерден 
өздеріне азап келуінен қауіпсіз бе?  
(Нахыл сүресі, 45)
Негізінде,  оларды  мал  жəне  балалармен  қамдағанымызды:  
Олардың  игіліктеріне  ынтық  болғандығымыз  деп  ойлай  ма?  Олай 
емес. Олар түсінбейді. 
(Муминун сүресі, 55-56)
Олар  шынында  көктер  мен  жерді  жаратқан  Алланың,  өздері 
сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар 
үшін бір белгілі  мерзім жасаған, онда əсте шəк жоқ. Сонда да за-
лымдар  бас тартып, мүлде қарсы  келді. 
(Исра сүресі, 99)


181
 
Олар: «Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?» – десті. 
«Мұғжизалар  Алланың  ғана  жанында.  Шын  мəнінде,  мен  ашық 
ескертуші  ғанамын»  де.  Əрине,  оларға  оқылып  жатқан  Кітапты 
саған  түсіргеніміз  өздеріне  жетіп  аспай  ма? (Одан  артық  мұғжиза 
бола  ма?)  Сөз  жоқ.  Құранда  иман  келтірген  ел  үшін  əрине    игілік 
жəне үгіт бар. 
(Ғанкəбут сүресі, 50-51)
  Олар  сөзді  (Құранды)  зерттемей  ме?  Немесе  оларға  бұрынғы 
аталарына келмеген нəрсе келді ме? 
(Муминун сүресі, 68)
(Мұхаммед  ғ.с.)  оларға: «Көрдіңдер  ме,  егер  Алла  сендерге 
Қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге 
жарық келтіретін тəңір кім? Естімейсіңдер ме?» – де. «Көрдіңдер ме, 
егер Алла сендерге Қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алла-
дан  басқа  сендерге  онда  тынығатын  түн  келтіретін  тəңір  кім?  Көз 
салмайсыңдар ма?» – де. 
(Қасас сүресі, 71-72)
Ішкен  суларыңды  көрдіңдер  ме?  Оны  бұлттан  сендер  жау-
дырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба? Егер қаласақ, оны ащы 
қылар  едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме? 
(Уақиға сүресі, 68-70)
Олар  жер  жүзінде  кезіп,  өздеріне  бұрынғылардың  соңының  не 
болғанын  көрмей  ие?  Негізінен,  олар  бұлардан  күштірек  еді  де, 
олар жерді қопарып, олар оны бұлардың дамытуынан көрі көбірек 
дамытқан  еді.  Оларға  ашық  дəлелдер  мен  елшілер  де  келген  еді. 
Сонда  Алла  Оларға  зұлымдық  еткен  емес.  Бірақ,  олар  өздеріне 
зұлымдық етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет