218
Ол көктен жерге дейін істі игереді. Сонан соң сендердің санау-
ларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оған көтеріледі.
(Сəжде сүресі, 5)
Бұ дүниедегі жəне Ақыреттегі уақыт
Сүр үрілген күні күнəкарларды көздері көгерген түрде жинай-
мыз. Олар араларында: «Дүниеде он-ақ тəулік тұрдық» деп сыбыр-
ласады. Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардың ең тура-
лары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», – дейді.
(Taha сүресі, 102-104)
Алла оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?» –
дейді. Олар: «Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан
сұра», – дейді. «Егер білген болсаңдар, азғана-ақ тұрдыңдар» дейді.
(Муминун сүресі, 112-114)
(Мұхаммед ғ.с.) пайғамбарлардан майталмандар (мықтылық,
тұрақтылық иелері) сабыр еткеніндей сабыр ет. Олар үшін асықпа;
олар өздеріне уəде етілгенді көрген күні дүниеде күндізден бір дем
ғана тұрғандай білінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі.
(Ахқаф сүресі, 35)
Қиямет-қайым болатын күні күнəкарлар «(өлгеннен Қияметке
дейін) бір сағаттан басқа тұрмадық» деп ант ішеді. Осылайша, олар
(дүниеде де алданып) адасқан еді.
(Рум сүресі, 55)
Достарыңызбен бөлісу: