Əрбір тірі жан өлімді татады Əркім өлімді татады. Сендерді сынап; жаман-жақсы күйге сала-
мыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар.
(Əнбия сүресі, 35) Бұдан кейін, əрине, сендер өлесіңдер. Сонан соң, сендер Қиямет
күні, күдіксіз, тірілтілесіңдер.
(Муминун сүресі, 15-16) (Мұхаммед ғ.с.) шын мəнінде, сен де өлесің, олар да өледі.
(Зумəр сүресі, 30) Алла сендерді жаратты жəне сендерді өлтіреді. Кейбіреулерің
білгеннен кейін білмейтін өмірдің қорына қайтарылады. Күдіксіз,
Алла толық білуші, аса күшті.
(Нахыл сүресі, 70) (Мұхаммед ғ.с.) сенен бұрын да адам баласына мəңгілік (өмір)
бермедік. Ал егер сен өлсең, сонда олар мəңгі қала ма?
(Əнбия сүресі,34) Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір
мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім
ақырет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік
етушілерді сыйлаймыз.
(Əли Имран сүресі,145)