Жəннатта мəңгілік тіршілік бар Алла оларға астарынан өзендер ағатын, олар ішінде мəңгі
қалатын бақшалар əзірледі. Осы зор қол жеткендік.
(Тəубе сүресі, 89) (Мұхаммед ғ.с.) иман келтіріп, ізгі іс істегеңдерді қуандыр! Ра-
сында, олар үшін астарынан өзендер ағатын жəннаттар бар. Əрқашан
оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да
беріліп еді», – дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Əрі олар үшін
онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мəңгі қалады. (Құрандағы
шыбын, өрмекші жəне құмырсқа тəрізді кішкентай мысалдарға
таңырқағандар болған…).
(Бақара сүресі, 25) Сол күні мүмін ерлер мен мүмін əйелдердің нұрлары алдарын-
да жəне оң жақтарында жүгіргенін көресің: «Сендерге бүгін ку-
аныш. Астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Ол арада мүлде
қаласыңдар. Міне, осы – ұлы қол жеткендік» (делінеді).
(Хадид сүресі, 12)