Сəбə патшайымы
Сонда ол көп кешікпей-ақ келіп: «Сен білмеген нəрсені білдім.
Сондай-ақ Сəбə мемлекетінен анық хабар келтірдім», – деді (Сəбə–
Йемен мемлекеті.) «Расында, оларға патша болған бір əйелді тап-
тым. Оған əртүрлі нəрсе берілген əрі оның үлкен тағы бар». (Ша-
хыл қызы Былқыйс деген əйел патша еді). «Оны да, елін де Алла-
дан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін
247
əдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмай-
тын көрінеді». Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын,
өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін
білетін Аллаға неге сəжде қылмайды?».
(Нəміл сүресі, 22-25)
(Былқыйс): «Ей, бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды»,–
деді. «Ол Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың
атымен» (бастаймын дейді.) «Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме
бағынған түрде келіңдер!» (делінген.) «Ей, бастықтар! Маған ақыл
беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын» деді.
Олар: «Біз күшті, қуатты жауынгерміз. Əмір беру саған тəн. Қане
не бұйырасың!» десті. (Патша, оларға): «Сөз жоқ, патшалар қашан
бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді.
Осылайша істейді» деді. «Əрине, оларға бір сəлемдеме жіберіп,
елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін». (Елшілер)
Сүлеймен (ғ.с.)-ге келген сəтте: «Сендер маған малмен көмек
етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы.
Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мəз болыңдар» деді. «Елдеріңе қайт!
Əрине, олар қарсы тұра алмайтын əскермен барып, ол жерден олар-
ды қорлап шығарамын да, олардың соры қайнайды».
(Нəміл сүресі, 29-37)
248
Достарыңызбен бөлісу: |