268
Олар ертелі-кеш отқа тасынылады. Қиямет-қайым болған
күні: «Перғауындықтарды азаптың ең қаттысына кіргізіңдер». Сол
уақытта олар тозақта керкілдеседі. Нашарлары паңсығандарына:
«Расында, біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер бізден оттың бір
бөлімін кетіре аласыңдар ма?»,
– дейді.
(Ғафыр сүресі, 46-47)
Сонан соң залымдарға: «Мəңгілік азапты татыңдар! Істеген-
деріңнің ғана сазайын тартасыңдар» делінеді.
(Юныс сүресі, 52)
Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар,
мүлде тозақ отында қалады. Міне, солар
– жаратылғандардың жау-
ызы.
(Бəйинə сүресі, 6)
Достарыңызбен бөлісу: