Білім-ғылым іздеу
Оларға пайғамбарлары: «Дау жоқ. Алла сендерге Талұтты пат-
ша сайлады» деді. Олар: «Оның бізге патшалығы қалайша болады?
Одан гөрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да
273
кеңшілік берілмеген еді» десті. Пайғамбар: «Негізінен, сендерге
оны Алла сайлады да, өзін білімде əрі тұлғада артық қылды. Алла
əкімшілікті қалағанына береді. Алла əр нəрсені кеңінен білуші», –
деді
(Бақара, 247)
Алла хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге
білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл
иелері ғана түсіне алады.
(Бақара, 269)
Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар жəне иман
келтіргендер саған түсірілгенге əрі сенен бұрынғы түсірілгенге
сенеді. Жəне намазды орындаушылар, зекет берушылер əрі Аллаға,
ақырет күніне сенушілер, əрине, соларға зор сыйлық береміз.
(Ниса, 162)
(Мұхаммед ғ.с.): Құранға мейлі сеніңдер, мейлі сенбеңдер; бұдан
бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман,
етбеттерінен сəждеге жығылады.
(Исра, 107)
(Мұхаммед ғ.с.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір
ақиқат екендігін біліп, оған сеніп жəне оған жүректері берілуі үшін.
Күдіксіз, Алла иман келтіргендерді əлбетте тура жолға салды.
(Хаж, 54)
Рас, Дəуіт пен Сүлейменге (ғ.с.) ғылым бердік те, олар: «Барлық
мақтау бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға
лайық», – деді.
(Нəміл, 15)
Сондай өзі кітап ғылымына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, не Хы-
зыр не Сүлейменнің өзі немесе Жəбірейіл): «Оны кірпік қағуыңнан
бұрын келтіремін» деді. (Сүлеймен ғ.с.) оның жанына келтіріліп
қойылғанын көрген сəтте: «Бұл – Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік
қыламын ба, күпірлік қыламын ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік
қылса, əрине өзі үшін қылады. Ал кім күпірлік етсе, Раббым бай да
(оның шүкірлігіне мұхтаж емес) өте жомарт».
(Нəміл, 40)
274
(Мұса ғ.с.) ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік.
Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
(Қасас, 14)
Өздеріне білім берілгендер: «Алланың сыйлығы иман келтіріп,
ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді»,–
деді.
(Қасас, 80)
Алладан өзгені ие етіп алғандар ұя жасап алған өрмекшінің мы-
салы сияқты. Шын мəнінде, үйлердің ең осалы – өрмекшінің ұясы.
Егер олар білетін болса.
(Ғанкəбут, 41)
Олай емес. Расында, Құран өздеріне ғылым берілгендердің
көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы
келеді.
(Ғанкəбут, 49)
Бұл дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз, ақырет
жұрты анық тіршілік. Əттең, олар білсе!
(Ғанкəбут, 64)
Ал ғылым жəне иман берілгендер: «Расында, Алланың жазуын-
дағы тірілетін күнге дейін тұрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ, сен-
дер білмейтін едіңдер», – дейді.
(Рум, 56)
Өздеріне білім берілгендердің саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ
екендігіне жəне мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына
көздері жетеді.
(Сəбə’, 6)
(Ал осылар) бой ұсынып, түн ішінде сəжде етіп, тіке тұрып,
сондай-ақ ақыреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі
сияқты ма? (Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Білгендер мен білмегендер тең
бола ма?», – де. Шын мəнінде, ақыл иелері ғана үгіт ала алады.
(Зумəр, 9)
275
Аса қамқор Алла Құранды үйретті. Адамзатты жаратты. Оған
сөйлеуді үйретті.
(Рахман, 1-4)
Ей, иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: «Орын беріңдер»
делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал жəне:
«Тарқаңдар» делінсе, дереу тарқаңдар. Алла сендерден сондай
иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дəрежелерін көтереді.
Істегендеріңді толық біледі.
(Мужəдəлə, 11)
Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен (жазу-оқуды)
үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нəрселерін үйреткен.
(Алақ, 3-5)
Достарыңызбен бөлісу: |