Жəбірейіл періште арқылы түсірілген Кітап Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті
(Жəбірейіл ғ.с.) үйретті.
(Нəжім, 4-5) Сонда Алла құлына уахи ететін нəрселерін көкейіне салды.
(Нəжім, 10) Күдіксіз, бұл Құран, əлбетте, əлемдердің Раббының түсіргені.
Оны сенімді Рұх (Жəбірейіл) келтірді. Ескертушілерден болуың
үшін жүрегіңе қондырды. Ап-ашық бір араб тілінде.
(Шұғара, 192-195) Араб тілінде түсірілген Кітап Расында, Біз мұны арабша Құран түрінде түсірдік, əрине,
түсінерсіңдер.
(Юсуф, 2) Осылайша, Құранды арабша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым
келгеннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Ал-
ладан арашалайтын бір дос, не қорғаушы болмайды.
(Рағыд, 37) Бұл Кітап, білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілген араб-
ша Құран.
(Фуссилат, 3-4)