37
Оны аудару үлкен жауапкершілікті іс болып табылады. Сондықтан
да аудармашы Ислам шариғатымен қоса араб тілін де, өз ана тілін
де жетік меңгерген болуы жəне аудару барысында діннің негізгі
қағидалары мен сахих хадистерге сүйенуі талап етіледі. Сонымен
бірге аударма ешқашан да Құранның арапша түпнұсқасына толықтай
теңеле алмайтындықтан намазда аударма оқуға жəне аударманы
Құранның өзімен теңестіруге болмайды.
Құран аудармаларын мамандар екі түрге бөледі. Олар: сөзбе-
сөз аударма жəне мағыналық аударма. Араб тілінен өзге тілдерге
аударудың қиындығына орай жəне Құрандағы кейбір сөздер мен
ұғымдардың мағынасы жөнінде пікір алуандығы болғандықтан ау-
дармашылар көбінесе мағыналық аударма жасауға тырысады. Алай-
да, тəпсіршілер де, аудармашылар да пенде болғандықтан қателік
жіберуі мүмкін екендігін ескеру қажет.
Қазақстандағы Құран аудармалары енді ғана дамып келеді.
Алладан түскен Кітап болғандықтан оны барынша көркем түрде
оқырманға жеткізуге əркім-ақ ұмтылады. Содан болып Құранның
əрбір тілде бір емес, бірнеше түрлі аударма нұсқалары бар. Айталық
түрік тілінде Құранның ең кем дегенде жиырма бес түрлі аудармасы
бар. Бұл тəпсір еңбектерін қоспағанда жəй аудармалар ғана.
Қазақстанда бүгінде Құранның қазақ тіліне бірнеше аудармасы
жасалған. Олар:
1. Құран Кəрімнің қазақша мағына жəне түсінігі, Халифа Алтай,
Құран Шəриф басым комбинаты, Мəдина, 1991.
2. The Holy Quran with Kazak and English Translation, Selangor
Darul Ehsan Malaysia, 2010.
3. Құран Кəрімнің қазақша мағына жəне түсінігі, ауд., Уаһапқажы
Қыдырханұлы. «Дəуір ЖАҚ» Алматы 2002.
4. Құрани Кəрім, ауд., Алауддин Мансур, Алматы-Бишкек, 2006
5. Құран Кəрімнің қазақша мағына жəне түсінігі. Нұралы
Өсерұлы.
Достарыңызбен бөлісу: