Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Қоғамдағы əдептілік нормасы



Pdf көрінісі
бет319/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Қоғамдағы əдептілік нормасы
Бірлік
Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. 
Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, 
бір-  біріңе  дұшпан  едіңдер,  жүректеріңнің  арасын  жарастыр-
ды,  Оның  игілігімен  туысқа  айналдыңдар.  Оттан  бір  шұңқырдың 
ернеуінде едіңдер сендерді одан құтқарды. Осылайша, Алла сендер-
ге аяттарын тура  жолға түсулерің  үшін  баян  етеді. 
(Əли Имран сүресі, 103)
Бауырмашылық жəне достық
Шын мəнінде, мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның 
арасын жарастырыңдар. Жəне Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке 
бөленерсіңдер. 
(Хужурат сүресі, 10)
Амандасып, есендік тілеу жайында
Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сəламүн ғалейкүм 
(сендерге  есендік  болсын)»  де.  Раббыларың    мəрхамет    етуді  өз 
үстіне  алған.  Шəксіз,  Алла  сендерден  біреу  білмей  бір  жамандық 


326
істеп,  сонан  кейін  тəубе  қылып  өзін  түзелтсе,  сөз  жоқ,  Алла  аса 
жарылқаушы, ерекше  мейірімді.
(Əнғам сүресі, 54)
Қашан  сендерге  сəлем  берілсе,  одан  жақсырық  немесе  соның 
өзін қайтарыңдар. Шəксіз, Алла  əр  нəрседен  есеп  алушы. 
(Ниса сүресі, 86)
Ей, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша əрі 
үй иесіне сəлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. 
Əрине,  түсінерсіңдер.  Егер  үйде  ешкімді  таппасаңдар,  өздеріңе 
рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: «Қайтыңдар» делінсе, 
онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді 
жақсы  біледі.
(Нұр сүресі, 27-28)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет